Мазмұнға өту

Қызылбөрік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қызылбөрік (шын аты Бөтей) — ұлы жүздегі албан тайпасы құрамындағы рулар бірлестігі.

Шежіре бойынша албан тайпасы үлкен екі тармаққа — шыбыл мен сарыға бөлінеді. Шыбылдан Қызылбөрік (бөтей), қоңырбөрік (өтей), бойдақ өрбіген. Қызылбөріктен молболды мен жолболды тарайды. Қызылбөріктердің ата қоныстары Іле Алатауының теріскей және күнгей бөктерлері, Іле жазығы болды. Алатау округінің 1865 жылғы тізімі бойынша қазіргі Алматы облысындағы Райымбек, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарын Қызылбөріктен 1016 жанұя мекендеген. Қызылбөріктің кейбір аталары Ыстықкөл аймағына (Талды, Күрметі), Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігіне (Шымкент), Қытай жеріне (Текес, Іле өз. бойы) дейін таралды. Қызылбөріктердің жауынгерлік ұраны — Райымбек, бәйгедегі ұраны — Әжібай, таңбасы — | (көсеу).[1]

  1. Бөлтірік Атығанұлы
  2. Әжібай Найманбайұлы
  3. Қойгелді Мыңтайұлы
  4. Құлмамбет
  5. Ақтоты Көлкенқызы Смағұлова

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том