Байбақты
Байбақты — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Байұлы рулар бірлестігіне кіреді. Қынық, Жауғашты, Күшпен, Бұғанай, Дәуімшар, Жомарт, Шолан, Сырым, Батақ аталарына бөлінеді. Батақтан: Сасай, Жанбақты, Құдайназар, Сүгір, Жауғашты, Дауымшар, Жаманке, Бұғанай, Шолпан, Тоқсаба, Қоянқашу, Құлшық, Олжаорыс, ал Қынықтан: Шекеу, Еділбай, Жайылған, Құлсүйіндік, Қырықтық, Шомаш, Бақан, Алыс, ал Жауғаштыдан: Қожакелді, Жүлке, Әліғұл, Жарлқас-Қарақұдас, Қожагелдіден, Әлғұлдан, Жүлкеден тараған ұрпақтар БҚО Жаңақалада тұрады. (Жүлкелер Дүйсековтер, Байғалиевтар, Байтұрғановтар, Бекболатовтар, Сисеновтар) Әлтекеден: Андас, Мамат, Жабағы, Назарымбет, Кеңшарбақ Боран, Сейдахмет, Қалматай аталары, 1801 жылы құрылған Бөкей Ордасына (барлығы 16 025 жан) көшіп келген. Ертеде Еділ мен Жайық өзендері аралығын қоныстанған. Сондай-ақ, Ресейдің кейбір облыстарында да ұшырасады. Байбақты руынан атақты Жауғашты, Күшпен, Дәуімшар, Жомарт, Шолан, Сырым, т.б. билер мен батырлар шыққан. Ұраны — Дәуқара, таңбасы — бақан, шалғы орақ, тағы екеуі бар. Біздің ойымызша, Байбақты руының тарихы өте қызықты. Айтар болсақ, Кіші жүз руларының көпшілігі сияқты, бұл рудың да шығу тарихы осы уақытқа дейін айқын болмай қалып өтыр. Байбақты руының шежіресін қарастыра келгенде, тоқсаба оның төртінші ұрпағы болып келетінін көреміз. Осыған байлаиысты XV ғасырдағы орыс деректемелерінде және Бейбарыс пен Ибн-Халдуңда бар ертедегі қыпшаңтардың тоқсаба руы туралы мағлұмат қызықты, онда тоқсаба руы бірініні болып көрсетіледі. Бұл жайт бізге бүкіл байбақты руы болмаса да, оның әлде бір бөлігі ертедегі қыпшақтардан шыққан деп жорамалдауға мүмкіндік береді, оның үстіне неғұрлым кейінгі кездегі қыпшақтарда тоқсаба руы жоқ. Басқа да көптеген қыпшақ тайпалары сияқты, тоқсабаның кейіннен Кіші жүз құрамына, ал бір бөлігі ішінде Қыпшақ руы бар қарақалпақ халқына енгені анық; соңғыларының ұраны Тоқсаба болып табылады. Ал рудың жаңа атауы (Байбақты) шынында да жиі жорамал болып келгеніндей, кейіннен пайда болуы мүмкін. Ертедегі деректемелерде Байбақты руы туралы айтылмауын, бәлкім, осымен түсіндіруге болар. Байбақты руының таңба белгілері: және (Тынышбаев бойынша). И. Мейер де бір ғана белгісін келтіреді. Таңбалардың осы әр алуан түрін мұқият қараған кезде олардың бәрі бірдей ұқсас екені және біреулерінде кішкене сызықшалардың негізгі сызыққа тік бүрышпен, ал басқаларында қиғашталып келуімен ғана ерекшелеттеді. Байбақты руының ұраны «Дәуқара», бізге Н.И. Гродеков пен М. Тынышбаевтың деректері бойынша ғана мәлім.[1]
ДНК-анализ
Ү гаплогруппасы C-М48[2]
Тұлғалар
- Сырым Датұлы
- Қаржауұлы Науша
- Қазы би
- Есен Шегірейұлы Орақбаев источник?
- Жұбан Молдағалиев
- Қадыр Мырза Әлі
- Әлібек Мұсаұлы Дінішев
- Шора Шамғалиұлы Сарыбаев Бұғанай
- Болат Шамғалиұлы Сарыбаев Бұғанай
- Шамғали Харесұлы Сарыбаев Бұғанай
- Сатиев Қуанышқали Шекеу
- Дәуқара Қарақожаұлы
- Роза Үмбетқызы Жаманова
- Хамза Ихсанұлы Есенжанов
- Дамир Амагелдіұлы Исмағұл
Дереккөздер
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том; Вяткин М.П., Сырым батыр, М.—Л., 1947; Атшыбаев Ә., Кіші жүз шежіресі, А., 1996
- ↑ http://www.elim.kz/forum/index.php?showtopic=2982&st=1240 Мұрағатталған 28 мамырдың 2015 жылы.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
[[1]]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |