Орта жүз
Орта жүз | ||||
| ||||
---|---|---|---|---|
XX ғ. басындағы көшпенді Орта жүздердің қоныстанған жерлері. Орта жүз картада қызғылт-сары түспен белгіленген | ||||
Астанасы | Орда-базар 1710-1730 Түркістан 1730-1782 | |||
Тіл(дер)і | қазақ тілі | |||
Халқы | қазақтар | |||
Мирасқорлық | ||||
← Қазақ хандығы Ресей империясы → |
- Тағы қараңыз: Қазақ жүздері
Орта жүз – қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі. Орталық және солтүстік шығыс Қазақстанды мекендеген қазақ тайпаларының одағы болып табылған.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этнотарихи жағынан Орта жүздің қалыптасуы-орта ғасырдағы қыпшақ этно-мәдени ортасымен, Ақ орда, Өзбек ұлысы ру-тайпаларымен байланысты. Оның қалыптасуына XV – XVI ғасырларда' пайда болған географиялық және этно-саяси факторлар негіз болды. Яғни, Алтын Орданың, оның шығысындағы автониялық құрылым Ақ Орданың ыдырауы, жаңадан құрылған тәуелсіз ұлыстардың (өзбек, қазақ, ноғай, т.б.) өзара соғыстары өзара жақын, туысқан руларды біріктіруге мәжбүр етті.
Қазақ хандығының нығаюы мен халықтың топтасуында Орта жүз тайпалары елеулі қызмет атқарды. XVI – XVII ғасырларда Қасым хан, Ақназар, Тәуекел, Есім хан, Тәуке хан тұсында қазақ хандығының аумағы күрт кеңейіп, бір-біріне жақын тайпалар бірігіп, аумақтық-әкімшілік бөлік болып қалыптасты (Жүз). Үш жүздің қалыптасуы жаугершілік уақытта, сыртқы жауға қарсы әскер топтастыруда шешуші рөл атқарды. XVIII ғасырда қазақтарға қарсы Жоңғар хандығының агрессиясы күшейіп ( Жоңғар шапқыншылығы), қазақ тайпаларының батысқа қарай ығысуына, көшуіне әкеп соқты. Жеке-жеке бытырай қоныстанған олар жоңғарлардың ұйымдасқан тегеурінді күшіне төтеп бере алмады. Ш.Уәлиханов бұл жайында былай жазады:“Құтырынған жоңғарлар түре қуған Орта жүз қазақтары Самарқанд маңынан барып шықты, олардың бірқатары көмек пен қамқорлық іздеп, Ресей шекарасына жақын қоныстанды”. Жоңғар шапқыншылығына қарсы халықты Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т.б. батырлар көтеріп, оларға қарсы бірнеше рет соққы берді.
Сыртқы жаудан қорғану үшін Орта жүз тайпаларының біразы Ресей бодандығына өте бастады. 1734 жылы 10 маусымда Сәмеке хан бастаған Орта жүз руларының бір бөлігі Ресейдің қол астына өз еркімен өтті. 1740 жылы тамызда Әбілмәмбет хан, 1742 жылы қарашада найман тайпасын билеуші Барақ сұлтан Ресей бодандығын қабылдады. 1754 жылы қазанда қоңыраттардың біраз бөлігі бодандыққа кіргенімен, олардың Ресей қол астына өтуі XIX ғасырдың орта тұсына дейін созылды.
Жоңғар шапқыншылығы кезінде жан-жаққа бытырай көшуге мәжбүр болған Орта жүз тайпалары мен рулары XVIII ғасырда өз Орта жүз руларына ежелгі жерін қайтару үшін әскери және дипломатиялық әдістерді қатар қолданды. Қазақтарды іштей ыдыратуды көздеген Ресей өкіметі 1815 жылы Орта жүзде екінші хандық құрып, оған Бөкей хан болды. 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан өлген соң 1822 жылы орыс патшасының жарлығымен Орта жүзде хандық билік жойылып, 8 сыртқы дуанға бөлінді. “Сібір қазақтары туралы ереже” бойынша әр дуан 15 – 20 болыстан, әр болыс 10 – 12 ауылдан, әр ауыл 50 – 70 түтіннен құралды. Ереже бойынша белгіленген 8 сыртқы дуанның [Қарқаралы, Құсмұрын (1824), Аягөз (1831), Ақмола, Аманқарағай (1832), Баянауыл, Үшбұлақ (1833), Көкпекті (1844)]ашылуы жергілікті халықтың наразылығын туғызды. 1824 – 36 жылдары Саржан сұлтан басқарған Қарқаралы және Көкшетау округтеріндегі халық бірнеше рет стихиялы түрде көтерілді. 1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс одан да ауқымды болды. Алғашқыда оған Ақмола, Қарқаралы, Аманқарағай, Баянауыл округтерінің халқы ғана қосылса, уақыт өте келе бұл көтеріліс үш жүзді қамтыды.
XIX ғасырдың II жартысында Қазақстанға әкімшілік-аумақтық бөлініс енгізілді (1866, 1891 жылғы реформалар). Орта жүз қазақтары Семей және Ақмола облыстарының құрамына енді, олар Жетісу облысы Лепсі уъездінде, Торғай облысы Қостанай және Торғай уъездінде халықтың көпшілік бөлігін құрады. Орта жүз тайпаларының біраз топтары Торғай, Сырдария облыстарының кейбір уъездін де қоныстанған. Орта жүз қазақтары енген екі облыста 130 болыс, 1048 старшын, 183668 шаңырақ болған. 1889 жылғы санақ бойынша, Семей облысында – 519887, Ақмола облысында – 466364 адам тұрған. 1897 жылғы санақ бойынша, халық саны көбейіп, мұнда барлығы 1267198 қазақ тұрған.
Құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шежіре бойынша Орта жүз құрамы алты тайпадан тұрады: арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ. Орта жүз қазақтарының тарихы мен рулық-тайпалық құрамының толық сипаттамасы толымды түрде Ш.Уәлиханов, М.Тынышбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Ж. Көпейұлы, І.Халиди, А.И. Тевкелев, А.И. Левшин, П.И. Рычков, т.б. ғалымдар еңбектерінде баяндалады.
Бұл тайпалар өз ішінде руларға бөлінеді. Арғын руы өз ішінде екі үлкен атадан тұрады: бес мейрам (қуандық, сүйіндік, бегендік, шегендік, қаракесек) және жеті момын (атығай, қарауыл, қанжығалы, тобықты, бәсентиін, шақшақ, сарыжетім); Найман руы өз ішінде төрт үлкен атадан тұрады: Терістамғалы(Келбұға,Кетбұға),Сарыжомарт(ергенекті)(Бораншы,Сарғалдақ,Шоңмұрын,Қожас,Қожамберді,Беске,Дәулет,Шеруші,Тенеке),Төлегетай бабадан (Матай,Қаракерей, Төртұл,Садыр) Сүгірші(Ергенекті, Бағаналы, Балталы);қыпшақ: жолаба қыпшақ, қара қыпшақ, құлан қыпшақ, сары қыпшақ, қытай қыпшақ қоңырат: жаманбай, аманбай, жетімдер, божбан, саңғыл, байдар, жандар, құлыншақ; керей: ашамайлы және абақ; уақ: жантелі және жангелді деген үлкен аталарға бөлінеді. Кейбір шежірелер алты тайпаға қосымша жетінші етіп тарақтыны қосады.
Аңыз бойынша тарақты(Найманға да,Арғынға да кіреді,кей дерек бойынша Алтай-Қарпық) Орта жүз ноқта ағасы. Ноқта ағасы ретіндегі құрметке Ұлы жүзде жалайыр, кіші жүзде табын руы ие. Ноқта сөзі бұл рулардың жетекші рөлге ие болғанын көрсетеді. Әрі аталған үшеуінің де таңбалары тарақ таңба, яғни төре таңбасымен үндес келеді. 1917 жылға дейін Орта жүз рулары қыста Сырдария, Қызылқұм, Қаратау, Мойынқұм өңірлерінде, Балқаш көлінің солтүстігінде, жазда Тобыл, Есіл, Нұра, Торғай, Ертіс, Сарысу өзендері салаларының алқабында, Орталық Қазақстанның кең байтақ далаларында көшіп-қонып жүрген.
Тайпа[1] | Арғын+ | Қыпшақ | Найман+ | Қоңырат | Керей | Уақ |
---|---|---|---|---|---|---|
Рулар |
|
|
Ұрандары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жолы үлкендігі бойынша:
- Арғын Мекендеген аумақтары:Торғай Үстіртінен Шыңғыс тауларына дейін, Балқаш көлінің шығысы мен солтүстік-батысы.
Ата қонысы Ертіс (Павлодар), Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Семей (Абай), Қызылжар (Солтүстік Қазақстан) және Қостанай облыстарында. Ұраны - "Ақжол";
- Найман Мекендеген аумақтары:Тарбағатай тауының жотасы мен Наймантау/Шыңғыстау және Жоңғар Алатауына дейін Ертістің төменгі және жоғарғы ағысы Балқаштың оңтүстігі.
Ата қонысы Өскемен,Семей,Риддер,Талдықорған,Шығыс Қазақстан және Орталық Қазақстан және Алматы облыстарында.Ұраны - "Қаптағай!".
- Қыпшақ — Ұраны — "Ойбас";
- Қоңырат — Мекендеген аумақтары: Оңтүстік Қазақстан, Сырдарияның ортаңғы ағысының оңтүстік жағалауы, Шымкент, Первоск, Ташкент ояздары. Ұраны - "Алатау";
- Керей — Ұраны - "Ошыбай, Абақ";
- Уақ — Мекендеген аумақтары: Солтүстік Қазақстан облысы. Ұраны - "Жаубасар, Мұқамал".[6][6]
Аумағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орта жүз аумағы оңтүстікте Сырдарияның орта ағысы алабындағы және Орта Азия өңіріндегі отырықшылық жағдайда егіншілігі өркендеген көне мәдени орталықтармен шектескен. Ауызша деректер бойынша кезінде Ұлы жүз бен Орта жүз табиғи шекараларының бірі болып Шу өзені белгіленген.Орта жүз солтүстікте Ресей иеліктеріндегі жерлермен шектесті.
Кейбір рулар қазіргі Қазақстан шекарасынан тыс жерлерде де орын тепкен. Найман руының бір бөлігі (қызай, байжігіт) мен керей руының үлкен бір бөлігі (абақ керей) қазіргі Шыңжаң жеріне (ҚХР) қоныстанған. Моңғолияның Баян-Өлгий, Қобда аймағында өмір сүріп жатқан қазақтардың да негізгі бөлігін осы абақ керейлер құрайды. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін абақ керей руы малға жайылым іздеп бұрынғы қоныстарынан шығысқа қарай көшіп, қазіргі Қытай жеріндегі Алтайдың таулы аймақтарын, Қара Ертіс бойын жайласа, қыста Моңғолия жеріне өтіп, қыстап жүрген. Моңғолияда революция жеңіске жетіп, 1921 жылы Қытаймен арадағы шекара белгіленген соң, абақ керейлер Моңғолияның Қобда аймағында түпкілікті орналасып қалған. Моңғолияда біршама найман, аздап арғын, уақ рулары кездеседі. Қытай жерінде өмір сүріп жатқан Орта жүз руларының көпшілігi Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі зұлматтың нәтижесінде Қазақстаннан қоныс аударғандар.
Орта жүз құрамына кірген тайпалар ежелгі заманда-ақ көшпелі жағдайда мал шаруашылығымен шұғылданған. Сырдария бойында, Сарысу, Нұра, Торғай өзендері, Алтайдың тау бөктерлерінде суармалы егіншілікпен де айналысқан. Балық аулау Балқаш, Зайсан көлдерінде жақсы дамыды. Аңшылық кәсіп, қолөнер түрлері де (ағаш ұсталығы, зергерлік, кілем тоқу, т.б.) айтарлықтай дәрежеде болды. Бұған қосымша Орта жүз жұртшылығы өзіне көршілес аймақтардан астық, өнеркәсіп және қолөнері бұйымдарын негізінен малға және мал шаруашылығы өнімдеріне айырбас жасады.
Ортағасырлық деректемелерде Орта жүз құрамына кірген тайпалар туралы біршама мәліметтер бар (Рашид әд-Дин, Әбілғазы, т.б.). Олардың тарихы ежелгі уақыттардан басталады. Орта жүз тайпалары ерте орта ғасырларда (VI– XII ғасырлар) болған саяси-тарихи оқиғаларға белсене араласып, Орта Азиядағы түрлі халықтардың этногенезінде маңызды рөл атқарды. Кейіннен басқа да түркі-моңғол тайпалары сияқты Шыңғыс хан құрған мемлекеттің құрамына кірді, Жошы әулеті билеген Алтын Орда мемлекетінде үлкен рөл атқарды.
Саны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1896-1911 жылдары өткен ауыл-шаруашылық санақтарына сәйкес Орта жүз қазақтарының саны төмендегідей болды:
- арғын - 509 000 (753 000)
- найман - 395 000 (557 000)
- қыпшақ - 169 000 (192 000)
- қоңырат - 128 000 (148 000)
- керей - 90 000 (221 000)
- уақ - белгісіз
Хандары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тәуелсіздік алғанға дейін Орта жүз билеушілері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орта жүз билеушілері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қайып хан (1718-1719)
- Шах Мұхаммед хан (1719-1734)
- Әбілмәмбет хан (1734-1771)
- Абылай хан (1771-1781)
- Уәли хан (1781-1819)
- Ғүбайдолла хан (1819-1822)
Орта жүздің жеке сайланған билеушілері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Күшік хан (1718-1748)
- Барақ хан (1749-1750)
- Дайра хан (1781-1784)
- Бөкей хан ІІ (1815-1817)
- Бөкей хан ІІІ (1816-1819)
- Жантөре хан ІІ (1817-1819)
- Жұмажан хан (1817-1819)
- Шыңғыс хан (1819-1822)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Дереккөз қатесі: Жарамсыз
<ref>
тегі; no text was provided for refs namedautogenerated1
- ↑ ТҰРҒАҚ КЕРЕЙДІҢ БІР БҰТАҒЫ.
- ↑ Тұрғақ шежіресі. Зерттеулер және шежірелік деректер - Нұр-Сұлтан қаласы, Өрнек баспасы, 2020 ISBN 978-601-73-79-46-1
- ↑ {{cite web}} үлгісіндегі title= параметрін жазу керек. .
- ↑ http://suhbat.xalhar.net/kaz/forum.php?mod=viewthread&tid=169217&extra=page%3D1.
- ↑ a b «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том Дереккөз қатесі: Invalid
<ref>
tag; name "source1" defined multiple times with different content
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Алтай тауының солтүстігінен басқа бөліктері, Сырдарияның төменгі бөлігі, Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзенінің алабы
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |