Мазмұнға өту

Ботбай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ботбай – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамындағы дулат тайпасынан тарайды. Ботбайдан төрт ұл туады. Бірінші ұлы Құдайқұлдан Әлімжан, Есбер, Бесторсық, Сиыршы туып, төрт ата ел болған және алты арыс Шағай аталығы (Есенбай, Ақша, Қожай, Асан, Жанқойлық, Тайлақ) мен он екі ата Қоралас (Есен, Ырыс, Мәметай, Бекшора, Қауғаяқ, Шауқар, Итім, Сарым, Мырза, Бура, Томай, Қосан), Бұйдас сияқты аталар да Ботбайға кіреді. Кейбір шежірелерде бұл аталарды қыздан тараған делінген. Алты арыс Шағай әулетінен қол бастаған Өлмес, Сәмен батырлар шығып, кейіннен Сәмен батырдың аты Ботбай руының ұранына айналған. Ұраны — Ботбай, Сәмен. Таңбасы — дөңгелек.[1]

Ботбай Дулат руының төрт атасының бірі (№ 3, За қосымш аларды қараңыз). Қазақ шежіресі бойынша Ботбай бес атаға бөлінеді: 1. Құдайқұл өз кезегінде төрт арысқа тарайды, төрт ұлдың ұрпақтары төрт арыс аталады: Әлімжан. Бесторсық, Сиыршы, Есбер (Байтүгел, Байкісі (Байшат) Жиенбай мен Бұқар); 2. Шагай келе-ке ле алты арысқа ажырайды, Шағайдың үш ұлы Байкүшік, Есенгелді мен Кішкентай бар. Алғашқы екеуінің ұрпақтарын ел аузында «Кішкентай ботбай», ал кейінгісін «Шоң ботбай» дейді. Олардың әрқайсысынан екі ұл өрбіді, Шағайдың бүкіл алты немересінен тараған көптеген ұр пақтарды «Алты арыс шагай» дейді. Байкүшіктен екі ұл: Асан мен Тайлақ, Тайлақтан Жауыр, Мұрат; Мұраттан Қанат. Есенгелдіден екі ұл: Ақша мен Қожай; Қожайдан Жақсылық, Әлібек, Жазық, Қыдыр; Қыдырдан Жарас, Өтеп, Малғар, Мамыр, Өтеулі; Өтеуліден Өмірбек, Әлібек; Әлібектен Өлмес батыр, одан Сыпатай батыр. Кішкентайдың (Күшпентай) екі ұлы бар: Жанқойлық пен Есенбай; Есенбайдан Алатау, Сарман, Жәнібек. Алатаудан Кешу, Тілеуғабыл рулары, Дода, Сарманнан Шағатай руы өрбіді; Шағатайдан Ауан, одан Сәмен батыр; Сәменнен Қапселем батыр. Өлмес пен Сәмен батырлар Ботбай руының азаткерлеріне бас болып, 1798 жылы ташкенттіктерге қарсы шайқасқа қатысты. Сәмен батыр ботбайлықтардың жауынгерлік ұранына айналды. Ал, Сыпатай батыр болса Кенесары Қасымовты мойындаудан бас тартты, оның зираты Меркіден шығысқа қарай 15 шақырым үлкен жол бойында жатыр . 3. Бидас (кірме). Өкінішке қарай, оның тегі туралы бізде де, әдебиетте де деректер жоқ. 4. Қоралас (кірме, 12 арысқа бөлінеді) одан Жанат; Жанаттан Қалыбай; Қалыбайдан Қарақойлы мен Қарақосай; Қарақойлыдан алты ұл бар: Есен, Ырыс, Мәмбетай, Бекшора, Қауғаяқ пен Шауқар; Қарақосайдан алты ұл бар: Итім, Сарым, Мырза, Бура, Тамай мен Қосан. Міне, олар Қораластан кейін 12 атаға бөлініп, «Қораластың он екі арысы» деп аталады. Тынышбаевтың айтуынша Қоралас кірме, монгол тектес. СанонСисен бойынша, ол жеке ру болып есептеледі, аңызда одан атақты Алангова шығады, одан Шыңғыс-ханның ата бабалары тарайды. 5. Көкірек (кірменің есімі Текежан).

Көкіректен төрт ата ажырайды: Қара, Бұлантай, Бесбала (Бестерек деп атамайды),Туаш. Бұл жерде Бесбала жетім қ алып, оны Көкірек асырап алып, Қазақ шежіресінде Бесбаланы бес баласы бар (Теріскей, Әйтек, Жоламан, Шақабай және бесіншісі белгісіз) кейінгі атасы дейді. Текежанды неліктен Көкірек деп атағанын біз де, әдеби деректер де таратып бере алмадық. Ботбайлардың өзінің жауынгерлік ұраны «Ботбай» атасының а тымен аталады, бәйге кезінде өз руының өмірінде маңызды орын алатын атақты батыр «Сәмен» есімі қолданылады. Бір ғажабы, олардың таңбасының бірнеше түрі бар. Сонымен, Ботбай руының таңбасы ( ) (Гродеков бойынша), (Аманжолов бойынша), (Тынышбаев бойынша). Бұның барлық түрі Дулаттардың негізгі рулық таңбасы дөңгелектен тарап, кейбір жекелеген сипаттармен толыңтырылып отырғаны байқалады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том