Мазмұнға өту

Тьыт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тьыт
Бүкіл халықтың саны

6 500

Ең көп таралған аймақтар

 Вьетнам

Тілдері

тьыт тілі

Діні

дәстүрлі наным-сенімдер

Тьыт (тит) — Вьетнамдағы (Биньчитхиен провинциясы) 6,5 мың адамнан тұратын этникалық қауымдастықтар тобы.[1]

Титтер ежелгі Вьетнамның оқшауланған топтарының ұрпақтары деп саналады. Тит ежелгі аустроазиялық субстраттың көптеген ерекшеліктерін сақтайды.[2]

Олар вьет тілдерінің оңтүстік-шығыс кіші тобының тілдерінде сөйлейді.[3]

Діни ұстанымы: дәстүрлі наным-сенімдерді сақтау (ата-баба культі, анимизм).

1950 жылдардың соңына дейін титтердің негізгі кәсібі арбалетпен және улы жебемен аң аулау, бұлақтарда қарапайым балық аулау және терушілік болды. Кейде тас құралдар пайдаланылды. XX ғасырдың ортасынан бастап олар егін шаруашылығына (күріш, жүгері, таро, тәтті картоп, темекі) көшіп, құс өсіруді бастады.[4]

Тұрмыс салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Титтерде ақсақалдар басқаратын шағын қауымдастықтар болды. Отбасы шағын, туыстық есеп патрилинейлік. Неке неолокалдық.[5]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тит халықтарының дәстүрлі баспаналары лашықтар немесе тау баурайындағы үңгірлер.

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ерлердің дәстүрлі киімі – денені орайтын мата, әйелдердікі – тігілмеген белдемше. Қазіргі кезде вьетнамдықтарға жақын заманауи киімдер киеді.[6]

Дәстүрлі тағамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі тағам – жүгері, маниок және күріш. Олар әдетте 2 негізгі тағамнан тұрады. Түскі асқа әдетте қайнатылған маниок пен ямс жейді. Шай ішу - олардың ежелден келе жатқан әдеті. Сонымен қатар, олар арақ ішкенді, темекі шегуді және бетель шайнауды ұнатады.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тьыт. Тексерілді, 2 желтоқсан 2024.
  2. Тьыт. Тексерілді, 2 желтоқсан 2024.
  3. Үлкен Ресей энциклопедиясы 2004–2017. Тексерілді, 2 желтоқсан 2024.
  4. Вьетнамдағы 54 этникалық топ. Тексерілді, 2 желтоқсан 2024.
  5. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 533. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
  6. Әлем халықтары/Тит. Тексерілді, 2 желтоқсан 2024.
  7. Тьыт халқы. Тексерілді, 2 желтоқсан 2024.