Мазмұнға өту

Портал:Астрономия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Портал Жоба Талқылау Қатысушылар


Астрономия порталы

Кіріспе

Астрономия грекше астрон - жұлдыз, ал номос - заң деген ұғымды білдіреді. Астрономия да, физика сияқты - табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезде уақытты, бағыт-бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан да адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған. Ал мұндай жұмыс аспан денелерінің қозғалысын үнемі бақылап отыруды талап етті. Аспан денелерінің қозғалысын бақылау қажеттігінен туындаған ежелгі құрылыстардың орны Қазақстанда көптеп кездеседі.

Таңдаулы мақала

АспанЖер немесе кез келген басқа астрономиялық объекті бетiнiң үстiндегі кеңiстiк. Күн, Ай, жұлдыздар, т.б. аспан шырақтары бізден өте қашықта болғандықтан, олардың ара қашықтығының айырмашылығы бізге сезілмейді. Сондықтан олар аспан күмбезінде орналасқандай әсер береді. Ашық далада аспан жалпайып көрінеді, яғни күмбездің төбесіне қарағанда, оның іргесі (көкжиек) қашықтағандай болады. Биік үйдің қасында тұрған адамға аспан күмбезі көкжиекке қарағанда биік болып көрінеді. Ауа қабаты көгілдір, көк, күлгін сәулелерді күштірек шашырататындықтан аспан күмбезі көк түсті болып келеді.

Жердегі аспан түрі тәулік уақытына, жыл мезгіліне және ауа-райына байланысты. Аспанда әдетте бұлттар, жұлдыздар мен Жер серігі – Ай көрінеді. Ұшақ ішіндегі аспан көрінісі жер беті аралығында көк түсті болып көрінетін атмосфера қабаты болып табылады. Күннің шығысы немесе батысы кезінде сары, сарғылт және қызыл түстерді аспанда байқауға болады.

Толығырақ...

Таңдаулы ғаламшар

Юпитер (Есекқырған) — Күн жүйесінің бесінші ғаламшары.

Қызылжұлдыз мен Сатурн (Қоңырқай) ғаламшарларының арасында орналасқан. Юпитер Күннен 773 млн. шақырым қашықтығында орналасқан. Юпитер Күн жүйесінің ең үлкен ғаламшары. Диаметр бойынша ол Жерден 11 есе, ал салмағы бойынша 300 есе үлкен. Юпитердің бір жылы Жердегі 11 жылына сәйкес, яғни Юпитер Күнді 11 жылда бір айналады. Бірақ Юпитерде Жердегідей жыл мезгілдері жоқ, өйткені ғаламшардың белі оның орбитасының жазықтығына перпендикуляр болып тұр. Юпитердің, Жермен сәйкестегенде, жылы ұзақ болса, тәулігі өте қысқа. Юпитердің бір тәулігі 9 сағат 50 минутқа сәйкес. Ол бар үлкен ғаламшарлар секілді өте жылдам өз белін айналады. Ғаламшар бетіндегі орта шама температурасы −138 °C.

Таңдаулы сурет

Үркер жұлдыз шоғыры.

Санаттар

Таңдаулы тұлға

Николай Коперник (нем. Nikolaus Kopernikus; итал. Nicolò Copernico; пол. Mikołaj Kopernik; 19 ақпан 1473, Польша, Торунь – 24 мамыр 1543) –әлемнің гелиоцентрлік санақ жүйесін жасаушы поляк астрономы. Италия мемлекетінде астрономия, философия, заң, медицина, т.б. ғылым салалары бойынша білімін жетілдірді. 1504 ж. отанына қайтып оралып, ғылыми және саяси жұмыстарға белсене араласты. Коперник Италияда, кейін өз елінде жүргізген ұзақ зерттеулері мен бақылаулары негізінде 1500 жыл бойы ғылымда үстемдік етіп келген Әлем жөніндегі Птолемей іліміне (геоцентрлік жүйе) сын көзімен қарап, оған қарсы пайымдаулар мен қорытындыларға келеді. Птолемей жүйесі бойынша Әлем кіндігі ретінде қозғалмайтын Жер қабылданса, Коперник жүйесінде Әлем кіндігі ретінде Күн алынады. Коперниктің бұл еңбегі ғылымдағы үлкен төңкеріс болды. Коперник бұл жаңалықтарын өзінің “Аспан сфераларының айналуы” атты кітабында баяндайды. Осы кітаптағы кейбір кемшіліктер кейін Иоганн Кеплер мен Исаак Ньютонның еңбектерінде түзетіліп, толықтырылды. Бұл діншілдердің аспан, Жер жайлы қате қағидаларына қатты соққы болып тиді. Сондықтан да 1616 ж. инквизиция үкімі бойынша Коперниктің кітабы “қара тізімге” алынып, оны пайдалануға қатаң тыйым салынды. Бұл тыйым тек 1822 ж. ғана күшін жойды.

Күн жүйесінің ғаламшарлары

Жобалар



Туыстас порталдар