Мазмұнға өту

Луноход

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Айжүргіш.

ЛуноходАй бетінде әр түрлі зерттеулер жүргізе алатын жылжымалы автомат станса немесе ғарышкерлердің Айда мініп жүруіне арналған көліктік аппарат. Айдағы автомат “Луноходтың” қозғалысы Жер бетіндегі ғарышпен байланыс орталығынан басқарылса, көліктік “Луноходты” ғарышкерлер басқарып жүргізеді. 1970 ж. 10 қарашада ұшырылған кеңестік “Луна-17” планетааралық автомат станциясы 17 қараша күні Мәскеу уақыты бойынша 9 сағ 28 мин-та Айдың Жаңбыр т-не космонавтика тарихында тұңғыш рет “Луноход” апарып түсірді. Бұл “Луноход-1” (салмағы 756 кг) еді. Ол 1970 жылдың 17 қарашасынан 1971 жылғы 4 қазанға дейін, яғни 322 күн жұмыс істеді. Осы мерзім аралығында онымен 171 рет байланыс жасалды. “Луноход-1-дің” бортындағы рентгендік телескоп пен радиометр. аппаратуралар 3,5 ай шамасы әр түрлі ғылыми зерттеулер жүргізді. “Луноход-1-дің” радиотелевизор жүйелері Жерге Ай бетінің 206 панорамалық және 20000-нан астам жай суретін берді. “Луноход-1” Ай бетінде барлығы 10540 м жол жүрді. 1971 ж. 30 шілдеде америкалық “Аполлон-15” ғарыш кемесі Ай бетіне ғарышкерлер мініп жүруге арналған көліктік “Луноход” (“Довер”) түсірді. Оның Жер бетіндегі салмағы 211 кг, ал Ай бетіндегі салмағы 36 кг болды. Ай бетіне қонған “Аполлон 16” (21.4. 1972) мен “Аполлон-17” (11.12.1972) ғарыш кемелерінің экипаж мүшелері де Ай бетінде “Луноходпен” жүрді. 1973 ж. 16 қаңтарда “Луна-21” планетааралық автомат станциясы — Мәскеу уақыты бойынша 4 сағ 14 мин-та Айдың Айқындық т-не кеңестік екінші “Луноход-2-ні” түсірді. Ол 120 күн бойы әр түрлі ғылыми зерттеулер жүргізіп, 37000 м жол жүрді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]