Ғаламшарлық тұмандық
Ғаламшарлық тұмандықтар талшықты диффузиялық тұмандықтан басқа дөңгелек пішінді, өте шағын тұмандықтар. Олай аталуы телескоппен бақылағанда сыртқы пішіні ғаламшарға ұқсайтынына байланысты.
Әрбір ғаламшарлық тұмандықтың ортасында әлсіз, өте ыстық жұлдыз – ядро бар. Жайылу алдында сутегінің жанып бітуі кезінде қызыл алып газ сыртқа лақтырылады, олар жұлдызаралық кеңістікте 20-50 км/с жылдамдықпен үлкейетін қабықша құрайды. Жұлдыздың ыстық ішкі бөлігі сығылады және ғаламшарлық тұмандықтың ядросына айналады. Ядро біртіндеп суи отырып, кәдімгі ақ ергежейліге айналады, ал ғаламшарлық тұмандық кеңейеді және уақыт өткен сайын жұлдызаралық ортада тарайды.
Ғаламшарлық тұмандықтардың өмір циклы бірнеше онмыңдық жыл құрайды. Бұл астрономиялық тұрғыдан өте аз мерзім болып келеді.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
|