Диспепсия
Диспепсия - балаларда болатын ас қорыту органдары жұмысының бұзылуы. Диспепсия кезінде ішек айтарлықтай зақымданбайды. Көбінесе дұрыс тамақтандырмаудан емшектегі балалар ауырады (мөлшерден артық емізу, тамақтандыру режимін бұзу, т. б.) сондай-ақ әр түрлі аурулармен қабаттаса (грипп, өкімнің қабынуы, құлаққа суық тию)— парентеральды диспепсия басталуы мүмкін. Диспепсияның пайда болуына күннің ысуы әсер етеді (мысалы, жылдың ыстық мезгілі). Емшектегі бала диспепсиясының негізгі белгілері: іш өту (күніне 8—10 ретке дейін үлкен дәретке отырады, дәретінің иісі күлімсі, көбінесе жасыл түсті, жалқаяқ болады), іші кеуіп, тамақтандырған соң көп кешікпей лоқсып, құсады. Бала салмақ қоспайды, нашар ұйықтайды, мазасызданады, беймаза келеді. Ауыр жағдайларда тәулігіне 10—15 ретке дейін іші өтеді, арықтайды, шырышты қабықтары мен терісі құрғайды. Балада диспепсияның белгісі басталысымен-ақ шұғыл дәрігер — педиаторға көрсету керек.
Тамақтандыру режимін бұзу салдарынан пайда болған диспепсия кезінде біраз уақытқа дейін (12 сағат, кейде онан да көбірек) балаға тамақ бермей, оған тек су ішкізіп, тәулігіне 3—4 стакан қанты аз сұйық шай беру керек. Ашығу кезеңінен кейін баланы аз-аздап емізіл, қолдан тамақтандырған кезде сүт, не сүт қоспаларының мөлшерін бірте-бірте көбейтеді. Диспепсия асқынған жағдайларда бала ауруханада емделуге тиіс. Диспепсия инфекциялы асқазан-ішек ауруларының қозуына себеп болады, сондықтан ауру баланың ж аял ығын суға мұқият қайнатыл, семья дағы басқа балаларға жұқтырып алмау жағын қарастыру керек. Ересектерге қатысты «диспепсия» деген термин (көбіне — диспепеиялық құбылыс) ас қорытудың әр түрлі бұзылу ын (қыжылдауды, кекіруді, ішектегі қысым немесе кебу сияқты сезімді, шұрылдауды, іш етуді және т. б.) білдіреді. [1]
Пайдаланған әдебиет
- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |