Токио

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Tokyo Sky Tree аспан ағашы - әлемнің ең биік телемұнара, 2012

Токио (東京 Tōkyō?) — Жапонияның астанасы, әкімшілік, қаржылық, мәдени және өндірістік орталығы. Хонсю аралының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Канто жазығында, Тынық мұжитындағы Токио шығанағының мүйісінде орналасқан. халық саны 12,544 млн адам, ауданы — 2 187 км², халық тығыздығы Жапония префектуралары ішіндегі ең жоғарысы — 5 740 адам/ км².

Токио дүние жүзі елордалар арасындағы ең жоғарғы Жалпы ішкі өнім, ЖІӨ шығаратын қала.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Токио — Нью-Йорк және Лондонмен қатар әлемнің қаржылық орталықтарының бірі. Сонымен бірге, Токио — әлемдегі ең экономикалық дамыған агломерация. PricewaterhouseCoopers компаниясының зерттеуіне сәйкес токиялық қала аймағы (Токио, Канагава және Тиба префектураларымен бірге, 35,2 млн адам) 2005 жылға сәйкес жалпы $ 1,191 трлн ЖІӨ (сатып алу қабілеті паритеті бойынша) өндіріп әлемдегі ірі агломерациялардың ішінде ЖІӨ бойынша алғашқы орында. 2008 жылы ЖІӨ (САҚП бойынша) Токио $ 1,497 трлн жетті.[1] 2009 жылы Fortune Global 500 тізіміндегі 51 компания осы Токиода орналасты.

Токио ірі халықаралық қаржы орталығы бола отырып әлемдік ірі инвестициялық банктер мен сақтандыру компанияларының бас-пәтері болып табылады, сонымен қатар Жапониядағы көліктік, баспа және эфирге тарату концентраторы функцияларын атқарады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі орталықтандырылған экономикалық өсу кезінде көптеген ірі компаниялар өз пәтерлерін Осака (тарихи қаржы орталығы) сияқты қалалардан Токиоға билікке кең қолжетімді пайдалану мақсатында көшірген. Соңғы кездері бұл тенденция Токиода халық саны өсуі мен ондағы өмірдің қымбатшылығына байланысты тоқтады.

Токио «Экономист» журналы бойынша 14 жыл қатарынан 2006 жылға дейін әлемдегі ең қымбат (өмір сүру қымбатшылығы бойынша) қала деп болған.

Жапонияның Токия қор биржасы — ең ірі биржа, нарықтық капитализациясы бойынша әлемдегі екіншісі және айналымдағы үлесі бойынша төртінші.

Туризмде Токио экономикасына үлкен үлес беруде.

Бастапқыда Эдо, саға дегенді білдірген, есімімен белгілі болған қала [2] Токио деген есімін (Tōkyō: (шығыс) + kyō (астана) іс жүзінде империялық астанаға айналған 1868 жылы алды.[2] Ертедегі Мейжи кезінде де қала «Tōkei» (Төкей) деп аталған, немесе дәл солайша қытау әріптерімен «Токио» деп көрсетілген. Кейде әлі де құжаттарда «Төкей» деп кездескенімен бұл аты ескірген.[3] This pronunciation is now obsolete.

Бауырлас қалалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Токионың 11 бауырлас қалалары бар:[4]

Токио панорамасы, алыста Фудзияма тауы, Tokyo Skytree мұнарадан жасалган cурет

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Города-локомотивы
  2. a b Room, Adrian. Placenames of the World. McFarland & Company (1996), p360. ISBN 0-7864-1814-1.
  3. Waley Paul Japanese Capitals in Historical Perspective: Place, Power and Memory in Kyoto, Edo and Tokyo — Routledge, 2003. — P. p. 253. — ISBN 070071409X.
  4. Tokyo Marathon - Tokyo Metropolitan Government Мұрағатталған 2 маусымның 2008 жылы.