Мазмұнға өту

Президенттің бүкіл жасағы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Президенттің бүкіл жасағы
All the President's Men
Жанры

тарихи фильм
триллер

Режиссёрі

Алан Пакула

Продюсері

Уолтер Кобленц

Сценарийдің авторы

Уильям Голдмен, Карл Бернстейн, Боб Вудворд

Басты рөлдерде

Роберт Редфорд
Дастин Хоффман
Джейсон Робардс

Операторы

Гордон Уиллис

Композиторы

Дэвид Шир

Кинокомпания

Warner Brothers

Ұзақтығы

138 мин

Бюджеті

8,5 млн $

Кассалық түсімі

70 млн $

Мемлекет

 АҚШ

Тілі

ағылшын тілі

Шыққан жылы

1976

IMDb

ID 0074119

«Президенттің бүкіл жасағы»Алан Пакуланың 1976 жылғы фильмі, Уотергейт жанжалын зерттеуімен айналысқан журналистер Боб Вудворд пен Карл Бернстейннің кітабы негізінде түсірілген.

Фильм төрт «Оскарды» және басқа да сыйлықтарды жеңіп алған, Америкалық кино институтының «100 ең мықты шытырман оқиғалы америкалық фильмдер» тізіміне кірген.

2010 жылы ол АҚШ Конгресс кітапханасының Ұлттық фильмдер регистріне енгізілді.

The Washington Post газетінің журналистері Вудворд пен Бернстейн Вашингтондағы Уотергейт қонақүйінде ұсталған бес қарақшының сотынан хабарды таратады. Бастапқыда қарапайым болып көрінген бұл іс бірте-бірте арнайы қызметтерге және Ақ Үйдің өзіне қатысты болып шығады. Демократтардың тек Уотергейттегі кеңсесі ғана емес, басқа да әрекеттері құпиялы бақылауда болғаны анықталады. Президент Ричард Никсонның администрациясы бұл бақылауды ұйымдастырмағанын айтады. Бірақ екінші мерзімге сайланса да, ақыры Никсон президент орнын босатады.

Басты рөлдерде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Фильм «Оскар» сыйлығының 8 номинациясына түсіп, төртеуінде жеңіп алған:

  • үздік көмекші актёр (Джейсон Робардс)
  • үздік қоюшы суретші жұмысы (Джордж Дженкинс, Джордж Джейнс)
  • үздік бейімделген сценарий (Уильям Голдмен)
  • үздік дыбыс.

Сондай-ақ фильм BAFTA сыйлығының 10 номинациясына және Алтын глобустың 4 номинациясына ілікті, Нью-Йорк пен Канзас киножүлделерін жеңіп алған.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]