Пол Нерс
Пол Нерс | |
ағылш. Sir Paul M. Nurse | |
Туған күні | |
---|---|
Азаматтығы |
Ұлыбритания |
Ғылыми аясы | |
Альма-матер | |
Марапаттары |
|
Сэр Пол Нерс (ағылш. Sir Paul M. Nurse; ж.т. 25 қаңтар 1949) — британдық биохимик, 2001 жылғы Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығың лауреаты, эукариоттың циклинмен және циклин-тәуелді киназамдармен жасушалық циклін реттелуін ашқаны үшін марапатталды. Корольдік қоғамның Президенті (2010 жылдан). Рокфеллер университетінің Президенті.
Өмірбаян
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пол Нерстің ата-анасының тегі Норфолктан еді. Нерс Лондонның солтүстік-шығысындағы Уэмблиде дүниеге келген. 1970 жылы, Шығыс Англия Университеті (Норидж) докторлық диссертациясын қорғағаннан кейін 1973 жылы оған философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.
1976 жылы Нерс cdc2 ашытқының генін анықтаған (Schizosaccharomyces pombe). Ген жасушалық циклді бақылап тұрған: G1 фазасынан синтетикалық S фазасына өту және G2 фазасынан митозға өту. 1987 жылы Нерс CDK1 адамнан циклин-тәуелді киназаны кодтайтын гомологты генді табты.
1984 жылы Нерс Император онкологиялық зерттеулер қорына көшті (қазіргі Ұлыбританияның онкологиялық зерттеулер қоры). 1988 жылдан 1993 жылдары Оксфорд университетінің микробиология кафедрасын басқарды, содан кейін ол онкологиялық қорға оралып, 1996 жылдан директор болды. С 2003 жылдан Рокфеллер университетінің президенті (Нью-Йорк) атанды, онда ашытқылардағы жасушалық циклдер туралы жұмыстарын жалғастыруда.
Марапаттар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1989 — Корольдік қоғамның мүшесі
- 1995 — Корольдік медаль
- 1995 — АҚШ Ұлттық ғылым академиясы Шетелдегі мүшесі
- 1996 — Хейнекен сыйлығы
- 1998 — Негізгі медициналық зерттеулері үшін Альберт Ласкер сыйлығы
- 2001 — Пол Нерс Тимоти Хантпен және Леланд Хартвеллмен бірге Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын «Жасушалық циклдің негізгі реттеушін ашылуы үшін» алды
- 2002 — Құрмет легион ордені
- 2005 — Копли медалі
- 2006 — Америка өнер және ғылым академиясының Шетелдік құрметті мүшесі
- 2010 — Корольдік қоғамының президенті
- 2013 — Альберт Эйнштейн жүлдесі
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Автоөмірбаян Пола Нерса Нобель комитеті сайтындағы (ағыл.)
- Официальный сайт: Paul Nurse: Office of the President, Rockefeller University (ағыл.)
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 25 қаңтарда туғандар
- 1949 жылы туғандар
- Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
- Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері
- Бирмингем университеті түлектері
- Ұлыбритания биохимиктері
- Құрмет легионы орденінің иегерлері
- АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері
- Лондон корольдік қоғамының мүшелері
- Корольдік қоғамның президенттері
- Копли медалінің иегерлері