Нгонилер
Нгонилер | |
ангони, мазиту, мгвангара | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,5 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Малави |
700 000 |
Танзания |
340 000 |
Замбия |
300 000 |
Мозамбик |
60 000 |
Тілдері | |
суахили, ньянджа, т.б. тілдер | |
Діні | |
дәстүрлі діндер |
Нгонилер (ангони, мазиту, мгвангара)[1] — Малавидің Орталық және Оңтүстік провинцияларында тұрады. Солтүстік (чивере, мсакамбева) және оңтүстік (качиндамото, качере, гомани, масула, ликонгве, кандуку, бвумбве) болып бөлінеді.[2] Жалпы саны 1,5 млн. адам. Негізгі қоныстанған елдер: Малави – 700 мың адам, Танзания – 340 мың адам, Замбия – 300 мың адам. Басқа қоныстанған елдер: Мозамбик – 60 мың адам.[3]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көпшілігі суахили, ньянджа, т.б. тілдерде сөйлейді.[4]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Нгонилер дәстүрлі діни культтерді (табиғат күштері, ата-бабалар) сақтаған, кейбіреулері исламды қабылдады.[5]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ежелгі тарихы туралы мәлімет аз кездеседі, 1820 жылы Оңтүстік Африкадан Ньяса кені маңына қоныс тепкен, 19 ғасырда бір бөлігі Виктория кені маңына келіп яо, малави, нсенга, т.б. халықтармен араласқан.[6]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Нгонилер мал және егін шаруашылығымен айналысады. Еркектер мал бағып, әйелдер жүгері, тары, жержаңғақ, көкөніс өсірді. 20 ғасырда ауыл шаруашылығы саласы кеңейіп, астық дақылдары пайда болды. Қазіргі Нгониде қолмен атқарылатын егіншілік жүйесі жиі кездеседі. Көркемдік қолөнерден – керамика (әшекейленген ыдыстар, тостағандар), төсеніш тоқу дамыған.[7]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көпбалалы патриархалдық қауымдастық өз маңызын сақтап қалғанымен, әлеуметтік стратификация маңызды роль атқарады.
Қоныстары крааль деп аталады.
Киімдері Еуропалық үлгіде.
Негізгі тағамдары - жарма, тарыдан жасалған бұқтырылған тағамдар, жүгері, т.б., сирек етті пайдаланады.
Музыкалық-би фольклоры сақталған.[8]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Большая советская энциклопедия, БСЭ. 2012 https://slovar.cc/enc/bse/2021743.html
- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2650601
- ↑ Современная энциклопедия НГОНИ https://rus-modern-enc.slovaronline.com/7548-%D0%9D%D0%93%D0%9E%D0%9D%D0%98
- ↑ Большая советская энциклопедия Нгони Источник: https://gufo.me/dict/bse/%D0%9D%D0%B3%D0%BE%D0%BD%D0%B8
- ↑ Нгони https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/308841
- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 том
- ↑ Народы и культуры Нгони https://travel-journal.ru/ethno/41/1076/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Нгони http://www.etnolog.ru/people.php?id=NGON