Мазмұнға өту

Маврлар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Маврлар
мавритания арабтары, бейдан
Бүкіл халықтың саны

3 млн. астам

Ең көп таралған аймақтар
 Мавритания

2,7 млн.

 Марокко

1 млн.

 Батыс Сахара

400 000

 Мали

360 000

 Гамбия

25 000

Тілдері

араб тілі, француз тілі

Діні

суннизм

Маврлар (мавритания арабтары, бейдан) — Мавританияның негізхі халқы (2,7 млн ​​адам; 2010, бағалау). Олар сондай-ақ Батыс Сахарада (400 мың адам), Марокконың оңтүстігінде (1 миллион адамға дейін), Малидің солтүстігінде (360 мың адам), Сенегалда (130 мың адам), Гамбияда (25 мың адам) тұрады.[1]

Олар араб тілінің диалектісінде сөйлейді (хасания).[2] Француз тілі де кең тараған.

Сенушілер – сүнниттік мұсылмандар.[3]

Қазіргі маврлардың ата-бабаларына гетулдар мен санхадждар кіретін берберлер жатады. Бұл тайпалар жиі қоныс аударды, бұл олардың Солтүстік-Батыс Африкаға таралуына ықпал етті. Олар соғысқұмар болғандықтан, бейбіт халықты оңай басып алды. Әскери жорықтар ұзақ уақыт бойы жалғасты және 11 ғасырда берберлерге Альморавид патшалығын құруға мүмкіндік берді. Ол жалпы исламданумен сипатталды, 14 ғасырда осында келген араб тайпаларының енуімен айтарлықтай күшейді. Соның нәтижесінде аумақты толық арабтандыру орын алды.[4]

Маврлар көшпелі мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысады. Сұраныспен жұмыс істейтін немесе өнімін саудаға шығаратын қолөнершілер касталары (маллемин, игауэн) қалыптасқан.

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гриоттар (гауэн) мен қолөнершілердің (маллемин) жабық касталары бар. Туыстық есеп матрилиндікболып табылады. Некені ата-аналары атастырады, төлемге мал береді.

Үйлері тастан немесе саздан қаланады, қабырғалары бітеу және ішкі ауласы бар. Батыс Мавританияда үй қабырғасын бедерлі таспен қалау қалыптасқан.

Ер адамдары буфалы шалбар, сандалдар киеді, мойындарына терімен қапталған тұмар тағады, ал әйелдерінің киімдері басы мен денесін тұтастай жабатын мата, сондай-ақ олар әр түрлі әшекейлер тағады.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2151527
  2. МАВРЫ https://dic.academic.ru/dic.nsf/es/81397/%D0%9C%D0%90%D0%92%D0%A0%D0%AB
  3. Мавры https://megabook.ru/article/%D0%9C%D0%B0%D0%B2%D1%80%D1%8B
  4. Наталья Кошина Мавры (мавританцы) — странные традиции потомков воинственного народа Источник: https://travelask.ru/articles/mavry-mavritantsy-strannye-traditsii-potomkov-voinstvennogo-naroda
  5. народы мира / Мавры (Африка) http://www.etnolog.ru/people.php?id=MVRA