Экипаж
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Экипаж (франц. eguіpe – ұжым, команда):
- 1) көптеген елдердің қарулы күштерінде танк, жаяу әскердің ұрыс машинасы (ЖӘҰМ), ұшақ және т.б. өздігінен жүретін техникаға тікелей қызмет көрсететін бастауыш (төменгі) бөлімше. Экипаж әдетте танкте 3 – 5, ЖӘҰМ-нда 2 – 3, ұшақта 1 – 10 адамнан тұрады;
- 2) кеменің жеке құрамы. Қазіргі әскери-теңіз күштерінде теңіз күштерінде 1 – 2 дәрежелі кемелерде Экипаж әскери бөліммен теңестірілген;
- 3) жолаушы таситын жеңіл көліктің жалпы атауы;
- 4) қазіргі әскери-теңіз күштерінде әрбір флотта, жеке флотилия мен әскери-теңіз базаларында құрылатын жағалаудағы әскери командалар мен әскери қызметшілерді қабылдау, орналастыру, қызмет етуін қамтамасыз ету үшін құрылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |