Кезеген торғай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кезеген торғай

Кезеген торғай (лат. Fringilla montifringilla) - торғайтәрізділер отрядына жататын құс. Тұрқы 150-180 мм, жайған қанаты 250-295 мм, құйрығы 75-80 мм, тұмсығы 12-13 мм, салмағы 19-25 грамм. Түсі жылтыр қара, сарғылт. Атлант теңізінен Тынық мұхитқа дейін, Еуропа мен Азияның орманды аймақтарына тараған. Ағашқа көбіне шырша мен аққайың басына ұялайды. 5-7 жұмыртқа салады. Әр түрлі өсімдік тұқымын, насекомдарды (қоңыз, жұлдыз құрт, жағақ қанаттылар, біті, өрмекшілер) жейді. Кезеген торғай - жыл құсы, наурыз - сәуір айларында келеді. Қазақстанда (оңтүстік, оңтүстік - шығыс аудандарда ) құс қайту кезінде кездедседі. Көлемі кәдімгі торғайдың көлемімен бірдей. Қысқы күндері еркек кезеген торғайдың басы, мойны және арқасының алдыңғы жағы қоңыр -сұр түсті болады. Жазда олар қара түске боялады. Кеудесі жыл бойы сарғылт түсті. Кезеген торғайдың құйрығында ақ қауырсын бар. Ал ұрғашы кезеген торғайлардың түстері қарапайым. Олардың басы қоңыр түсті, жоғарғы жағында қара жолақтар бар. Арқасы да қоңыр түсті, ал кеудесі еркектікімен салыстырғанда азырақ сарғылт.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ.Қаратаев