Өгейшөп
Өгейшөп (Tussіlago) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Өзен жағалауында, жыра ішінде, тау баурайында, саз топырақты жерде өсетін 1 түрі – кәдімгі өгейшөп (T. farfara) бар. Оның биіктігі 20 – 100 см. Сабағы өрлеп өседі. Жапырақтары ірі, қабыршақ тәрізді, қоңыр-күрең түсті, сабаққа кезектесіп орналасады. Сарғылт түсті гүлі қос жынысты, жеке-жеке сабақтың ұшында жетіледі, жапырағынан бұрын пайда болады. Гүлшоғы – себет. Наурыз – сәуірде гүлдеп, мамыр – маусым айларында жеміс салады. Жемісі – дәнек. Өгейшөптің жапырағының құрамында глюкозид, эфир майы, инулин, илік заттар, аскорбин қышқылы болады. Халық медицинасында өгейшөпті Гиппократ пен Авиценна заманынан бері қолданып келеді. Оны қолқа демікпесін, созылмалы бронхитті, ларингитті, жоғары тыныс жолдарының қабынуын емдеуге пайдаланады. Тұнбасын жөтелді басу үшін ішеді. Гүлінен ара бал жинайды.
Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |