ALT Университеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті
KazATCLogo.jpeg
Университет атауы
Халықаралық атауы ALT University
Бұрынғы атауы Алматы теміржол көлігі инженерлері институты (АлИИТ), Қазақ көлік және коммуникация академиясы (1996-2000), М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы (2000-2021), Логистика және көлік академиясы (2021-2024)
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы 1931 жыл
Түрі Университет
Орналасуы
Орналасқан жері  Қазақстан, Алматы
Мекенжайы Алматы, Шевченко көшесі, 97
Кампус қалалық
Әкімшілік
Ректоры Салтанат Амиргалиева
Негізгі көрсеткіштер
Сайты alt.edu.kz

Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT УниверситетіҚазақстандағы жекеменшік жоғарғы оқу орны. ALT Университеті қазіргі таңда көлік, коммуникация және экономика саласында бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды. ALT Университетінде оқу мен ғылым үрдісін 65%-тан астамы ғылым докторлары мен кандидаттары дәрежелі жоғары білікті профессорлар, доценттер мен оқытушылар іске асырады. Академияның Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында орналасқан колледждері бар.[1]

Жоғары оқу орнының тарихы 1931 жылдан, Ташкент қаласында орналасқан Орта Азия темір жол көлігі инженерлері институтының механикалық, пайдаланушы және жолшы мамандықтары филиалы ретінде Алматыда ашылған оқу орнынан бастау алады.

1957 жылы жоғарыда аталған филиал – Оқу-консультациялық пункт болып өзгертілді.

Жоғарыда көрсетілген оқу-консультациялық пункт 1967 жылдың 1 қазанынан бастап ТашИИТ-тің Алматы филиалы болып қайта құрылды.

1976 жылдың 20 мамырында аталмыш филиал – Алматы Темір жол көлігі инженерлер институты болып құрылады (АлТЖИИ).

1991 жылы 1 қаңтарда Өскемен құрылыс жол институтының Алматы филиалының базасында – Алматы автокөлік-жол институты құрылды (ААЖИ).

1996 жылы 7 мамырда, Алматы Темір жол көлігі инженерлері институты мен Алматы автокөлік-жол институты оқу орындарының базасында – көлік саласының мамандарын дайындайтын ірілендірілген жоғары оқу орны – Көлік және коммуникациялар академиясы құрылды (ҚазККА).

2000 жылы 23 мамырда Қазақ көлік және коммуникация академиясына, ірі қоғам және саяси қайраткер, Түркістан-Сібір магистралі жобасын жасаушы және құрушы, қазақтан шыққан алғашқы қатынас жолдары инженері – Мұхамеджан Тынышбаев есімі берілді.

2021 жылдан бастап Логистика және көлік академиясының жаңа дәуірі басталды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]