Қызыл қасқыр
Қызыл қасқыр Қазбалық ауқымы: Post-Плейстоцен-Recent | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Cuon alpinus (Паллас, 1811) | ||||||||||||||||
Ареал
|
Қызыл қасқыр - (лат. Cuon alpinus) — қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш аң.
Қазақстанда Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Дене тұрқы 100 — 110 см, құйрығының ұзындығы 45 — 50 см. Құйрық жүні үлпілдек. Арқасы қызыл қоңыр, екі бүйірі солғын қызыл түсті. Қызыл қасқыр жаз айларында альпі және субальпі белдеулерінде 2500 — 4000 м биіктікте, таутеке мен арқар жайылатын жерлерде қоныс аударып тіршілік етеді. Баспана ретінде түрлі қуыстар мен басқа аңдардың тастап кеткен індерін пайдаланады. Көбеюі жөнінде деректер аз. Мысалы, Бейжің хайуанаттар паркінде қызыл қасқырдың қаңтар айында ұйығып, 60 күннен кейін көбіне 3 — 4 күшік туатыны анықталған. Көбею кезінде үйірімен (5 — 10, кейде 30) жүреді. Қызыл қасқыр — терісі бағалы аң. Саны өте аз, соңғы 40 жылда Қазақстанда қызыл қасқырдың кездескені туралы дерек жоқ. Қызыл Қасқыр Халықаралық табиғат қорғау одағы мен Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[2]
Статус
[өңдеу | қайнарын өңдеу]EW санаты – еліміздің жабайы табиғатында жойылып кеткен түр; XX-ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап оның мекендеуі жайында нақтылы деректер жоқ. ХТҚО-ң Қызыл тізіміне (ЕN санаты), Ресейдің Қызыл (1-ші санат), Қырғызстанның Қызыл (өте сирек және зерттелмеген, ол туралы XX-ғасырдың 50-ші жылдарынан бері деректер жоқ түр) кітаптарына тіркелген.
Генофондын сақтау үшін таксонның маңызы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қызыл қасқыр– осы аттас туыстың Қазақстан фаунасы мен әлемдік фаунадағы бірден-бір өкілі.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Таралу аймағы - Оңтүстік және Орталық Азия мен Шығыс Азияның оңтүстік жартысын қамтиды. Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Сауыр мен Алтай тауларына енетін таралу аймағының солтүстік шегі жатыр. XX ғасырдың бірінші жартысында, аңдардың нақтылы кездескен жерлері Талас, Қырғыз, Іле, Күнгей және Теріскей Алатауларында, Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс сілемдері мен оның орталық (Сарқант) және шығыс (Алакөл ауданы) бөлімдерінде, Семей облысының Майтабай ауылына жақын жерде, Марқакөл маңында, Бұқтырма өзенінің аңғарында еселке алынған .
Мекендейтін жерлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жартасты шатқалдар, субальпі және альпі шалғындықтары, сырттар, таудың далалы және орманды участкілері, әсіресе теңіз деңгейінен 2500-4000 м биіктікте көп кездеседі. Қыс кезінде қасқырлар тұяқты жануарлардың соңынан еріп 800-1500 м биіктікке дейін төмендейді.
Саны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қызыл қасқыр көптеген аудандарда өте сирек кездескен, тек Тарбағатай, Сауыр мен Жоңғар Алатауында біршама жиі кездескен. XX ғасырдың 20-21-ші жылдары Алакөл ауданында бір маусымда кейде 6 қасқырға дейін ауланған. Соңғы онжылдықтарда XX-ғасырдың 80-ші жылдарыңда қызыл қасқырларды Оңтүстік Алтайда және Батыс Тянь-Шаньда кездесетіні жайында мақалалар жазылды. Олар қойшылар мен аңшылардың ауыз екі мәліметтері, өкінішке орай ешқандай рәсімделмеген еді. Бұл жағдайларда қызыл қасқырларды сұр қасқырлармен шатастыруы мүмкін, өйткені бұлардың жеке өзгергіштігі жоғары, кейде түсінде қызғылт рең басым болатын аңдар көптеп кездеседі.
Биологиялық ерекшеліктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қызыл қасқырға мекенін жиі ауыстыру тән. Шыңғыстау жотасында және Ямынеев ауылының маңында (Павлодар қаласынан оңтүстікке қарай 70 км) кездескені белгілі. Негізгі жемтігі – таутеке, арқар, елік, қабан, марал, үй малдары. Хайуанаттар паркінде қаңтар – ақпанда ұйығады, 2 ай буаз болады. 3-9 бөлтірік туады. Көбею кезеңінен тыс кезде қасқырлар топқа жиналады және жиі 3-10-нан бірігіп жемтігін аулайды. Жаулары мен бәсекелестері – қасқыр, барыс.
Қолда өсіру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мәскеу, Пекин және басқа хайуанаттар парктерінде көбейеді.
Қорғауды керек ететін шаралар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әзірге тек хайуанаттар парктерінде өсіру жайында ғана айтуға болады.
Зерттеу үшін ұсыныстар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қызыл қасқыр жөнінде хабар түскен ауданды мұқият тексеру.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Durbin, L.S., Hedges, S., Duckworth, J.W., Tyson, M., Lyenga, A. & Venkataraman, A. (IUCN SSC Canid Specialist Group - Dhole Working Group) (2008). Cuon alpinus. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 22 наурыз 2009. Database entry includes justification for why this species is endangered
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
- ↑ 1. Гептнер, Слудский, 1967; 2. Шнитников, 1936; 3. Слудский, 1981; 4. Попов, 1976; 5. Плотников, 1901; 6. Хахлов, 1928; 7. Щербаков, Кочнев, 1982; 8. Кашкаров, 2002.
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Cuon alpinus |