Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы | |
Құрылған жылы | |
---|---|
Президенті | |
Орналасқан жері | |
Сайты |
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы — Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми-педагогикалық орталықтарының бірі. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің есімі берілген.
Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту стратегиясына сәйкес Академияның негізгі міндеттері болып табылады:
- білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру;
- психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін білім берудің нақты тәжірибесіне енгізуді үйлестіру;
- білім берудің барлық деңгейлерінің нормативтік құқықтық базасын әзірлеуді үйлестіру;
- педагогикалық білім берудің теориясы мен тәжірибесін дамытуға ықпал ету;
- үздік отандық және әлемдік педагогикалық тәжірибені жинақтау, трансформациялау және тираждау;
- Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Назарбаев Университетінің және "Кәсіпқор" холдингінің тәжірибесін зерделеу, бейімдеу және трансляциялау.
Бағыттары:
- Білім беру саясаты мен философиясын теориялық-әдіснамалық қамтамасыз ету.
- Білім берудің барлық деңгейлерінің интеграциясы мен сабақтастығын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
- Білім беру практикасын жаңарту процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
- Білім берудің теориясы мен практикасын дамытуды ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету.
Академия 3 ғылыми журнал шығарады: «12 жылдық білім беру», «Қазақстан кәсіпкері», «Білім» [1].
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1921 жылы Орынбор қаласында Ахмет Байтұрсынұлының басқаруымен Академиялық орталық ашылды.
1932–1933 жылы Ғылыми-әдістемелік кабинет, Педагогикалық ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды.
1966 жылы Педагогикалық ғылыми-зерттеу институтына Ыбырай Алтынсарин есімі берілді.
1998 жылы Қазақ білім проблемалары институты Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы болып өзгерді.
2008 жылы «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды.
2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №951 қаулысымен «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.[2]
Құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Үздіксіз педагогикалық білім беру орталығы
- Орта білімнің мазмұның әдістемелік қамтамасыз етуді үйлестіру орталығы
- Тәрбие теориясы және әдістеме орталығы
- Үштілді білім беру орталығы
- Орта білім беру орталығы
- Инклюзивті білім беруді дамыту орталығы
- Шағын жинақты мектептерді дамыту орталығы
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы журналдарына мақала жариялау http://www.enu.kz/info/okigalar/24135/ Мұрағатталған 1 қазанның 2019 жылы.
- ↑ Тарихы
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- [1] Мұрағатталған 1 қазанның 2019 жылы.