Шиебөрі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шибөрі

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жыртқыштар
Тұқымдасы: Иттер тұқымдасы
Кіші тұқымдасы: Қасқыр
Тегі: Canis
Түрі: C. aureus
Екі-есімді атауы
Canis aureus
Линней, 1758
Түршелері

12

Шибөрі, шүйбөрі немесе африкалық ит (лат. Canis aureus) – ит тұқымдасына жататын жыртқыш сүт қоректі.

Дене тұрқы 71 – 82 см, бойы 45 – 50 см, құйрығының ұзындығы 22 – 23 см, салмағы 7 – 13 кг, пішіні қасқырға ұқсас, бірақ одан екі есе кіші, түсі жирен сұрғылт. Орталық Африкадан бастап Орта Шығыс, Еуропаның оңтүстік-шығысында таралған. Кавказ, кейде Молдавияда, Орта Азияда, Сырдарияның орта тұсынан (Арыс өзені]] құятын сағадан) оңтүстікке қарай кездеседі. Шиебөрі өзен, көл бойындағы тоғайлы, қамысты жерді мекендейді, кейде шөлде, тау бауырында, ел мекеніне жақын жерде де кездеседі. Жемін (қоян көжегі, тышқан, кесіртке, жылан, бақа, жәндіктер, жануар өлексесі, әр түрлі жеміс, қарбыз, қауын, т.б.) аулауға ымыртта шығады, кейде күндіз де қорек іздейді. Қаңтардың ортасынан ақпанның аяғына дейін ұйығады, 60 – 62 күн көтеріп 4 – 6, кейде 8 күшік туады. Жыныстық жағынан қаншығы бір жасында, қабыланы екі жасында жетіледі. Кәсіптік маңызы онша емес, аң, құс шаруашылығына зиян келтіретін жерде ауланады.[2][3]

Мінез-құлықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шибөрілер үйірлер деп аталатын топтарда өмір сүреді. Бір үйір ата-аналар жұбы мен олардың балаларынан тұрады. Олар бірге тұрып, бірге шабуылға шығады. Отбасы, әдетте, күндіз үңгірлерде немесе ағаш бұтақтарының арасында жапырақтардың астында жасырынып жатып, түнде қорек іздеп шығады. Шибөрілердің ата-анасы бірге күшіктерін өсіруге қатысады.

Шибөрінің түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шибөрілердің үш түрі бар, олар: алтын шибөрі, қара жонды шибөрі және кәдімгі шибөрі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Jhala, Y.V. & Moehlman, P.D. (2008). Canis aureus. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 22 наурыз 2009. Database entry includes justification for why this species is of least concern
  2. Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
  3. "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"