Шердор медресесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шер-Дор Медресесі

Шердор немесе Ширдор медресесі (өзб. Sherdоr mаdrаsаsi, тәж. Мадрасаи Шердор) — діни оқу орны, қазіргі кезде Самарқандтағы Регистан ансамблі құрамындағы архитектуралық ескерткіш.

Ғимарат 16191636 жылы салынып, Ұлықбек медресесіне қарама-қарсы орналасқан. Шер-Дор Медресесінің алдыңғы жақ беті, көлемі мен жалпы тұрқы Ұлықбек медресесі іспеттес. Төрт айуанды ішкі ауланы жиектей екі хұжыра орналасқан. Хұжыраның жалпы саны — 54. Құрылыстың өн бойы жалатпалы жылтыр қыш тақташалармен, түрлі түсті мозаикалық плиткалармен әсемделген. Ғимараттың оң жақ маңдайшасына киікке атылғалы тұрған жолбарыс, одан жоғары адам кейпіндегі арайлы күн бейнеленген. Сондықтан ғимарат “Жолбарыс таңбалы” (Шер-дор) аталып кеткен. Ғимарат түзарасында парсы тілінде сәулетшінің (Абдул Жаббар), өрнекші-суретшінің (Мұхаммед Аббас) есімдері және осы құрылысты салдырған қазақтың, Кіші жүздің төртқара руынан шыққан Жалаңтөс баһадүр жайлы мадақтау өлең жазылған. Шер-Дор Медресесі ою-өрнектері өзімен қарайлас сәулет өнері үлгілеріне қарағанда өте бай әрі тартымдылығымен ерекшеленеді. Өңдеу жұмыстары кезінде медресенің сыртқы қабырға өрнектеріне көптеген өзгерістер енгізілді. Қазақтың сәулет өнерін зерттеуші Серәлі Лапин көптеген ғимараттармен қатар Шер-Дор Медресесінің де тарихын зерттеген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]