Мазмұнға өту

Шаһид

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шаһид, шейіт — дін жолында өзін құрбандыққа шалған, азап шегіп өлген адам. Хадистерде айтылғандай Шаһид өз иманының беріктігін дінсіздерге қарсы соғыста өзін құрбан ету арқылы дәлелдеген. Оған қабірде, барзақ әлемінде өтуге тиіс сынақтарға соқпай, бірден жұмаққа баруға кепілдік берілген, сондықтан оларды жерлер алдында денесін жуудың қажеті жоқ. Шаһидтің жер бетіндегі барлық күнәлары кешіріледі, жұмақта ол Алла дәргәїындағы құрметті орынға ие. Уақыт өте келе өз ажалынан өлмеген мұсылмандардың бәрін Шаһидтер деп санайтын ұғым пайда болды. Ислам атын жамылған, жалаң идеологияның жетегіндегі әсіре діндарлардың кейде қасақана өлімге ұмтылуын, өзге де бейкүнә адамдардың өмірінің қиылуына себепкер болуын Шаһидтікке балау мысалдары бар. Бірақ өзгенің өліміне себепкер болу ғана емес, өзін-өзі өлтірудің өзі ислам тарапынан кешірілмес күнә ретінде айыпталатындықтан шын мәніндегі Шаһид ұғымының мағынасы әлдеқайда терең. Дәстүрлі қазақ қоғамында жоғары адамгершілік құндылықтар үшін елдің тұтастығы, отанының тәуелсіздігі, халқының бостандығы үшін табандылықпен күресіп, ақиқат жолдан таймай, жан пидалықпен дүниеден өткен, осы жолда құрбан болған адамдарды ғана шейіт деп білген.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қазақ Энциклопедиясы, 9 том.