Шаншар
Шаншар — көне қоныс орны. Көксарай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 16 км жерде. 1993 ж. Отырар мемлекет археология қорық музейінің археология экспед. зерттеген. Төрткөлдің орталық бөлігінде төртбұрышты қамал бар. Қамалдың солтүстік-шығыс қабырғасының ұз. 80 м, солтүстік қабырғасы 85 м, оңтүстік-батыс қабырғасы 95 м, оңтүстік қабырғасы 82 м. Қорған дуалдарының ені 10— 15м, биіктігі 2—3 м. Қамалдың төрт бұрышында төрт мұнара, оңтүстік.Батыс қабырғасының ортасында қос мұнара (бірінің диам. 8 м, екіншісінің диаметр 6 м) орны бар. Бұлар қорған ішіне кіретін орынды белгілеп тұр. Қамал мен оның айналасындағы аймақты тағы бірқатар қорған қоршап тур. Бүл қорғанның ұз. 1 км шамасында, қабырғаларында 23 мұнара орны бар. Қақпасы солтүстік. Шығыс дуалында болғаны байқалады. Екінші қорғанның ең шығыс мұнарасынан 310 м қашықтықта тағы бір қорған-қамал орны бар. Бүл қамалдың оңтүстік қабырғасы 140 м, солтүстік қабырғасы 225 м. Әрбір бұрыштары мен қақпа тұсында да мұнара іздері байқалады. Оңтүстік қамалдың шығыс бұрышының ішінде ауд. 50x60x50x50 келген кіші қорған орналасқан. Аталмыш қорғанның да бұрыштары мен қақпа тұсында мұнара орындары анықталған. Кіші қамалдың қақпасы солтүстік-батыс бұрышында. Негізгі қамалдың қақпасы оңтүстік қабырғасының ортасында орналасқан. Мұнаралар саны: солтүстік-шығыс қабырғасында 5, солтүстік-батыс қабырғасында 6. Қамалдың шығыс және солтүстік шығыс қабырғасының іргесінде терең ор ізі бар. Осы қорған қамалдан 100 м шамасында қаланың барлық аймағын қоршайтын, сырт жағында ор ізі бар үшінші қорған байқалады. Оның үз. 4,8 км, алайда онда мұнаралар орны жоқ. Шарапхана — Қазақстандағы орта ғасырдан сақталған қала орны. Қазығұрт ауылынан 10 км жерде, Келес өзенінің сол жағалауында. 1948 ж. Оңтүстік Қазақстан археология экспедиция (жетек. А.Н.Бернштам) зерттеген. Қаланың орны бір-біріне жалғасып жатқан тік бұрышты екі алаңнан оңтүстіктен солтүстікке карай 80 м, батыс-шығыска қарай 65 м, биіктігі 1,5 м. Ол айналдыра ормен және соқпа дуалмен қоршалған. Бұрыштары мен батыс қабырғасының ортасында мұнарасы бар. 2-алаңның мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 м, батыстан шығысқа қарай 140 м, биіктігі 0,5 м. Бүл алаң да терең ормен және соқпа дуалмен қоршалған. Алаң батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай тартылған соқпа дуал арқылы төртке бөлінген. Ш-ны Г.И.Пацевич ортағасырлық Газгирд қаласының орны деген пікір айтқан. Оны бірқатар зерттеушілер (К. Байпақов, т.б.) қолдайды. Ертедегі Газгирд топонимінің қазіргі Қазығұрт атауында сақталып қалған болуы мүмкін. Ташкент пен Шымкент арасындағы тау сілемі солай аталады, қаланың қираған жұрты соның етегінде жатыр. Археология материалдар Шашны халық 6—12 ғасырларда мекен еткендігін айғақтайды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |