Шалқар (радио)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
«Shalqar» радиосы
Ел

 Қазақстан

Форматы

рухани-мәдени

Жиілігі

100,4 FM (Астана)

Хабар тарату тілі

қазақша

Хабар тарату уақыты

18 сағат

Хабар тарата бастады

1 қаңтар 1966 жыл

Иесі

«Қазақ радиолары» ЖШС

Директоры

Болатбек Төлепберген

Сайты

qazradio.fm/shalqarfm/

Онлайн-трансляция

qazradio.fm/shalqarfm/kz/live/

 Басқа мағыналар үшін Шалқар деген бетті қараңыз.

«Shalqar» радиосы — республикадағы тек қазақ тілінде хабар тарататын радио. Радио өнімдері қазіргі кезде республика аумағының 62,4 пайызына тарайды. Ғаламтордағы жеке сайты арқылы әлемнің әр түкпірінен тыңдау мүмкіндігі бар.

«Шалқар» ұлттық арнасы 1966 жылдың 1 қаңтарында ақпаратты-сазды «Шалқар» бағдарламасы ретінде тұсауын кесті. 1998 жылы жұмысын уақытша тоқтатқанымен, 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласының көлемінде ғана хабар таратты. Кейіннен эфир уақыты ұлғайып, республика аумағына тарай бастады. "Шалқар" деген атқа қалай ие болғаны жәйлі бір қызық тарихи дерек бар. Енді енді ашылып жатқан "Қазақ радиосы" ұжымына Қазақ педагогикалық институтын, журналистика факультетін бітірген жас маман жұмысқа кіреді. Ол жас маман біз білетін Қазақстан жазушылар одағының мүшесі жазушы Кеңесжан Шалқаров еді. "Қазақ радиосының" басшылығы жаңадан арна ашуға дайындалып жатқанда, атын қайтып және, не деп атаймыз деген сұрақпен ойланып қалыпты. Сонда, жас маман К. Шалқаров, өзінің ұсынысын білдіріпті. Ол "ШАЛҚАР" деген атқа ой білдірген. Сөйтіп, "Қазақ радиосының" басшылығы қарсы болмай, жаңадан арна ашып, сол арна әдемі және өте жарқын атқа ие болады.

«Шалқар» радиосының ресми сайты 2011 жылғы 18 шілдеден ақпарат таратады. Онлайн трансляция 18 шілдесінен бері эфирде.

«Шалқар» ұлттық арнасының басты мақсаты - қазақ халқының ұлттық, рухани құндылықтарын насихаттау. Алғаш ашылғанда «Өнерім-өмірім», «Атадан қалған асыл сөз», «Жеті ғасыр жырлайды», «Алтын тамыр» сынды бағдарламалар арқылы тыңдарман жүрегіне жол тапты.

Қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ұлттық музыкасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан арна «Бүгінгі әдебиет», «Ағалардың алақаны», «Ғасыр ғибраттары», «Күй-шежіре», «Шалқар» шаңырағында, «Сал домбыра», «Інжу-маржан», «Наридірген», «Терме» сынды хабарларын ұсынып келеді. Алыстан атамекенін аңсап жеткен отандастарымыздың тыныс-тіршілігінен сыр шертетін «Туыстар-ай» хабары бүгінде тыңдармандардың зор ықыласына ие.

Сондай-ақ, «Замана бұлбұлдары» айдарынан Жүсіпбек Елебеков, Жәнібек Кәрменов, «Бізге қымбат дауыстар» айдарынан Жамал Омарова, Роза Бағланова сынды саңлақтардың концерттері берілуде. Өнер дүлдүлдерінің үнтаспаға жазылып алынған шығармаларын тұрақты түрде беру дәстүрге айналған. Сондықтан да «Шалқар» ұлттық арнасы арқылы таралатын музыкалық хабарлардың маңызы зор, көтеретін жүгі ауыр.

Радиода әр жылдары белгілі журналистер М.Жантикин, Е.Әбдіғапаров, Т.Рсаев, У.Қыдырханов, Е.Қашқынов, Ғ.Есенсариев, А.Еңсебайұлы, Т.Момбекұлы, Ғ.Игісін, Д.Исабеков, К. Шалқаров,талантты дикторлар С.Жақанова, О.Қалмырзаев, Ұ.Бармашқызы жұмыс істеді.

"Шалқар" радиосы 1998 — 99 жылы бюджет тапшылығынан өз жұмысын мүлдем тоқтатты. 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласының көлемінде ғана хабар таратты. Қазіргі жағдайда республика бойынша 9 облысқа тарайды. "Шалқар" радиосының басты мақсаты қазақ халқының ұлттық-рухани құндылықтарын жан-жақты насихаттау. Осы мақсатта “Өнерім-Өмірім”, “Атадан қалған асыл сөз”, “Жеті ғасыр жырлайды”, “Алтын тамыр”, “Жайдарман”, “Сағыныш сазы”, “Балауса”, тағы басқа бағдарламалар ашқан.[1]

Радио 2012 жылы Астана қаласындағы заманауи үлгіде салынған «Қазмедиа орталығына» көшті. Орталықта жоғары деңгейдегі шығармашылықпен жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған. Жетілген сандық технология орнатылған. Мұны игеру арқылы радио мультимедия сапына қосылды.

Бұған дейін Қазақ радиосының құрамдас бір бөлігі - редакция болып келген радиоарна 2014 жылдың ақпан айынан бастап жеке радио болып қайта құрылды.

Аймақтық жиілік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Shalqar» радиосының хабарлары FM толқындарында (Қазақстан Республикасы) [2]

Қала Жиілік, МГц
1 Алматы 106,5
2 Астана 100,4
3 Ақтау 102,1
4 Ақтөбе 105,7
5 Арқалық 101,4
6 Атырау 102,8
7 Аягөз 103,2
8 Көкшетау 103,7
9 Қарағанды 102,3
10 Қостанай 107,4
11 Қызылорда 101,0
12 Орал 102,7
13 Өскемен 105,6
14 Павлодар 106,7
15 Петропавл 104,7
16 Семей 104,4
17 Талдықорған 101,0
18 Тараз 102,6
19 Шымкент 102,7

Бағдарламалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Нысана
  • Сөз киесі
  • Күй шашу
  • Дода
  • Шалқар шаңырағында
  • Наридірген
  • Дарабоз
  • Ән домбыра
  • Құтты білік
  • Кітапхана
  • Ән-жұмбақ
  • Жақсының жары[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том 18 бөлім
  2. https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/
  3. Бағдарламалар