Мазмұнға өту

Фосфор қышқылы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Фосфор қышқылы (ортофосфор қышқылы) H3PO4, мол. м. 97,995; түссіз гигроскопиялық кристаллдар (а=0,5762 нм, b=0,4831 нм, с=1,1569 нм, =95,31°); ауада жайылады; балқу темп. 42,5°С; тығ. 1,88 г/см3; ΔH0обр.-1283 кДж/моль; Балқыған күйде асқынсалқындауға қабілетті; 150C-та қою майлы сұйықтық, -121 0C-та шынытәріздес масса түзеді. Фосфор қышқылы суда кез келген қатынаста араласады. Сұйытылған сулы ерітінділердің қышқыл дәмі бар.

Фосфор (V) оксидін суда еріту арқылы

Р2О5 + ЗН2О = 2Н3РО4

Фосфоритке концентрлі қышқылмен әрекет ету арқылы

Са3(РО4)2 + 3H24(конц) = 2Н3РО4+ 3CaSО4

Фосфор қышқылы үш түрлі тұз түзеді: NaH24 - натрий дигидрофосфаты; Na2HPО4 - натрий гидрофосфаты; Na34 - натрий фосфаты.

Фосфор қышқылының Na, К тұздары - ортофосфаттары, гидро- және дигидрофосфаттары суда жақсы ериді.

Химиялық қасиеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Фосфор қышқылы тотықтырғыш қасиет көрсетпейді, қышқылдарға тән барлық реакцияларға түседі.

1) активті металдармен сутек бөле әрекеттеседі:

3РО4 + ЗСа = Са3(РО4)2+ ЗН2

2) негіздік оксидтермен тұз бен су түзеді:

3РО4 + 3MgO = Mg3(PО4)2+ ЗН2О

3) негіздермен тұз бен су түзе әрекеттеседі:

Н3РО4 + 3NaOH = Na34 + 3H2О

4) әлсіз қышқылдардың тұздарымен әрекеттеседі;

2H34 + 3Na2S = 2Na34 + 3H2S↑

жаңа тұз және жаңа қышқыл түзеді.

Фосфор қышқылының қалдығына (РО43-) сапалық реакция жасау үшін күміс ионы (Ag+) қолданылады.

Н3РО4+ 3AgNО3 = Ag34↓+ 3HNО3
(РО43-+ 3Ag+→ Ag34

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Н3РО4→фосфаттар→тыңайтқыш.

Фосфор қышқылы тірі ағзалардың өмір сүруіне қажетті органикалық фосфорлы қосылыстар күйінде көптеп кездеседі (АТФ; глюжкозофосфат). [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Химия: Усманова М. Б., Сақариянова Қ. Н. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2009. - 288 бет. ISBN 9965-34-929-0