Фламандтықтар
Vlamingen | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
7,3 млн | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Бельгия |
6,4 млн |
Тілдері | |
Діні | |
Фламандықтар — ұлт, Бельгияның солтүстік өңірлерін мекендейді. Батыс Еуропа, Америка, Африка мен Австралия елдерінде де тұрады. Жалпы саны 7,3 млн. адам (2003). Антропология жағынан атлант-балтық нәсіліне жатады. Нидерланд тілінің оңтүстік нұсқасында сөйлейді. Көпшілігі католик. Фламандықтар голландтармен туыстас Этникалық негізін франк, фриз және саксон тайпалары құраған. Дәстүрлі мәдениеті көрші халықтарға ұқсас. Фламандықтар арасында ұзынша баспаналар кең тараған. Онда тұрғын бөлмелер мен шаруашылық жайлар бірге болды. Сырты боялып, үй шатыры әсемделіп жасалды. Дәстүрлі киімдері голландтар киіміне ұқсас. Әйелдер — шәлі, орамал, көйлек, көкірекше, кеудеше, кең юбка, фартук, ұзын көйлек киеді. Ұлттық тағамдары көкөністен, ұннан даярланған. Тұздалған балық, тауық еттерін кеңінен қолданады. Фламандықтар отбасы басқа еуропиялық ұлттарға қарағанда көп балалы. Ағылшындардың туыстық жүйесі қалыптасқан Фламандықтарда ұзақ уақытқа дейін қауымдық қатынастар (өзара көмек, ақсақал сайлау, т.б.) сақталып келді. Мейрамдарында (керемес, т.б.) ұлттық дәстүрлі ойындары өткізіледі. Үйлену салттары голландтарға ұқсас. Аса бай фольклоры сақталған.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |