Феохромоцитома
Үлгі:Infobox disease Феохромоцитома — онкологиялық ауру, бүйрек безі милы қабығының адреналин (норадреналин) түзетін жасушаларынан тұратын гормон өндіретін ісік. Гипотензивті терапияға резистентті қатерлі артериялық гипертензияның дамуымен ғана сипатталуы мүмкін.
Синдромдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сонымен қатар науқастарда келесі синдромдар байқалады:
- Нейропсихикалық синдром (бас ауыруы, парестезиялар);
- Нейровегетативті синдром (тері бөлінуінің бұзылуы, дірілдеп тоңу);
- Асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуы синдромы (жүрек айнуы, құсу, құрсақта ауырсыну сезіну);
- Кардиальды синдром (ентігу, жүрек жиі соғуы);
- Эндокриндік-зат алмасуы синдромы (қант диабеті, жыныс мүшелерінің қызметі бұзылуы).
Феохромацитомада феохромацитомалық криздер байқалуы мүмкін:
- Қатты бас ауыруы;
- Көз қырағылығы төмендеуі;
- Жиі зәр бөлінуі;
- Жалпы мазасыздану, тремор, тершеңдік;
- Артериальдық қан қысымының қатты көтерілуі (систолдық - 200-300 мм сын. бағ.- дейін; диастолдық – 180 мм сын. бағ.-дейін);
- Жүрек ырғағы бұзылуы.[1]
Лабораторлық-аспаптық диагностика
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лабораторлық-аспаптық диагностика – ұстама кезінде ғана айқын нәтиже көрсетеді: ЖҚА – лейкоцитоз, лимфоцитоз, эритроцитоз, ЭТЖ жоғарылауы ЖЗА – глюкозурия, протеинурия; ҚБА – гипергликемия, НЭМҚ деңгейі жоғарылауы, катехоламиндер мен олардың метаболиттерінің деңгейі жоғарылауы; УДЗ және КТ бүйрекүсті безінің ісік тәріздес түйінін анықтайды. Бүйрекүсті безінің метилйодбензилгуанидинмен сцинтиграфиясы күмән келтірмейді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Айтбембет Б.Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы.Алматы"Кітап"баспасы.2005ж.568бет.