2006/07 жылғы УЕФА кубогының финалы 16 мамырда Глазгодағы "Хэмпден Парк" стадионында өтті. Испанияның қос клубы — "Эспаньол" мен "Севилья" өзара кездесіп, негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Экстра-таймдарда клубтар тағы да бір-бір голдан соқты. Пенальтилер сериясында "Севилья" 3:1 есебіімен басым түсті де, қатарынан екінші жыл УЕФА кубогының жеңімпазы атанды.