Мазмұнға өту

Темір әулеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
{{{атауы}}}

 

 
Сурет:Flag of the Golden horde.svg



 

 


Темір әулеті – Темір мемлекетінде (1370 – 1507) билік жүргізген әулет. Негізін Әмір Темір қалаған. Ол өлгеннен кейін Темір мемлекеті жеке иеліктерге бөлініп, онда ұрпақтары билік жүргізді. 1405 – 1409 жылы Мауераннахрда Халилсұлтан ибн Мироншаһ, Хорасанда Шаһрух (Әмір Темірдің кенже ұлы) билік етті. Дегенмен, жазба деректерде Темір мемлекетінің басшысы 1409 – 1447 жылы Шаһрух, 1447 – 1449 жылы Ұлықбек деп саналады. Бірақ жергілікті билеушілер олардың билігін мойындай қоймады. Мауераннахрда 1449 – 1450 жылы Әбдулатиф ибн Ұлықбек, 1450 – 1451 жылы Абдуллоһ ибн Ибраһимсұлтан, 1451 – 1458 жылы Әбу Саид ибн Сұлтан Мұхаммад, 1469 – 1494 жылы Сұлтан Ахмад ибн Әбу Саид, 1494 – 1498 жылы Махмуд ибн Әбу Саид, 1498 – 1500 жылы Сұлтан Әли ибн Сұлтан Махмуд; Хорасанда 1449 – 1457 жылы Әбілқасым Бабыр, 1457 – 1459 жылы Сұлтан Махмұд ибн Әбілқасым Бабыр, 1460 – 1506 жылы Сұлтан Хұсейн Байқара, 1506 – 1507 жылы Бадиуззаман билік етті. 1500 жылы Мауераннахрды Мұхаммед Шайбани басып алып, 1507 жылы өз үстемдігін Герат пен Хорасанға орнатып, ондағы Темір әулетін биліктен тайдырды. Темір әулетінің өкілі болып табылатын Бабыр 1526 жылы Үндістанда 1858 жылға дейін билік құрған Моғол әулетінің негізін қалады. Темір әулеті жайында Низами әд-Дин Шами “Зафар-нама”, Гийас әд-Дин Әли Йезди “Темірдің Үндістанға жасаған жорығының күнделігін”, Мұхаммед бин Фазлаллах Мусви “Тарих-и Хайрати”, Шараф әд-Дин Әли Йезди “Зафар-намауылыий Тимури” жазбаларында деректер мологиялық Сонымен қатар Бабыр жазған “Бабырнамада”, оның қызы Гүлбадан бегім жазған “Құмайыннамеде” Темір әулетінің тарихы баяндалады. [1]

"Ақінген мазары, Темір дәуірінің сәулет үлгісі.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том