Мазмұнға өту

Талқылау:Көп мәнді логика

Бет мазмұнына басқа тілдерде қолдау көрсетілмейді.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

19 сәуір 2021 кезіндегі өңдеу сұранысы (Қорғалған)

[қайнарын өңдеу]
Осы мақаланы жариялауды ұсынамын.Өзім жаздым
«3» элементінде функция екі мән қабылдайды
«3» элементінде функция екі мән қабылдайды

Көп мәнді логика-математикалық логиканың бір саласы.

Көп мәнді логика туралы

[қайнарын өңдеу]

Көп мәнді логикада сөйлемнің ақиқаттық мәнділігі екіден артық болады. Осыған байланысты үш мәнді, төрт мәнді және шексіз көп мәнді логика болады. Классикалық математикалық логиканы Көп мәнді логиканың жеке түрі ретінде қарастыруға болады. Бұл жерде логиканың мәнділігі екіге тең.

Үстіміздегі ғасырдың 20-жылдары поляк логигі Ян Лукасевич (1878-1956ж.) үш мәнді және төрт мәнді логиканы жасап шықты. Бұдан кейін американ математигі, логигі Э. Л. Пост өз бетімен көп мәнді логиканың негізін салды. Математикалық логиканың парадокстарын шешу мақсатымен совет ғалымы СССР ҒА-ның корр. мүшесі С. В. Яблонскийдің мектебін ерекше атап өту орынды. Ол басқарған ғылыми коллективте көп мәнді логиканың математикалық жүйелі мәселелері шешілді.

Көп мәнді функциялардан (К 2) тұратын М жиыны функционалды толық деп аталады, егерде оған кіретін функциялар арқылы кез келген көп мәнді функцияны өрнектей алатын болсақ, функционалды толықтылық-көп мәнді логикадағы басты мәселенің бірі. Мысалы, электронды есептеу машиналарының кейбір келелі мәселелері функционалды толықтылыққа келіп тіреледі. Классикалық математикалық логика мен үш мәнді логика үшін бұл проблеманы Э. Л. Пост пен С. В. Яблонский толық шешті. Төрт мәнді және т.б. логикаларда бұл проблеманы шешуде зерттеушілер көптеген қиындықтарға кездесті. Бұл қиындықтар бірте-бірте шешілуде. [1]

Gulnaz Sakenkyzy (талқылауы) 15:37, 2021 ж. сәуірдің 19 (+06)[жауап беру]

Дереккөздер

[қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы, Бас редактор М.Қ.Қаратаев, Беттер саны 639, Алматы, 1975 жыл, 6 том, 39-40 бет, ISBN 9965-26-096-6


Тағы қараңыз

[қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[қайнарын өңдеу]

--Gulnaz Sakenkyzy (талқылауы) 15:39, 2021 ж. сәуірдің 19 (+06)Гүлназ[жауап беру]