Сындыбала Оңғарбаева
Көрініс
Сындыбала Оңғарбаева | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Қызметі |
қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Байзақ ауданы, Қызыл Жұлдыз колхозының звеношысы (1939-1960). |
Марапаттары мен сыйлықтары |
|
Сындыбала Оңғарбаева (1902 жыл – 2001 жыл)[1][2] — Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Байзақ ауданы, Қызыл Жұлдыз колхозының звеношысы (1939 – 1960).
Еңбек жолы мен жетістігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Еңбек жолын зауытта жұмысшы болып бастайды.
- 1929 жылы «Қызыл Жұлдыз» ұжымшарына мүше боп кіреді.
- 1939 – 1960 жылдары қызылшашылар звеносын басқарды. Осы мерзім ішінде ол өз мамандығын жақсы меңгеріп, бай тәжірибе жинақтайды. Осының нәтижесінде оның звеносы бірнеше жыл қатарынан жоғары көрсеткіштерге жетеді:
- 1945 жылы - межеленген 180 центнердің орнына 6 гектар қан қызылшасы алқабынан 210 центнерден;
- 1946 жылы - 7,3 гектар жерден межеленген 200 центнердің орнына 315 центнерден;
- 1947 жылы - 4 гектар жердің әр гектарынан 703 центнерден, ал 2 гектардың әр гектарынан 801 центнерден рекордтық өнім алады.
Ол ондаған әйгілі қызылшашыларды тәрбиелеп шығарды. Олардың ішінде Социалистік Еңбек Ерлері: П.Шидақова, Қ.Төребаева, М.Ибрагимова, озат звено жетекшілері Я.Ағалиева, т.б..
Наградалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 4 наурыз Ленин ордені
- "Орақ пен Балға" алтын медалі
- «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбектегі ерлігі үшін» медалі (1946)
- Социалистік Еңбек Ері (1948)
- Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің үш медалі