Спатифиллум
Спатифиллум | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
40 түрі белгілі |
Спатифиллум (лат. Spathiphyllum) – шаяноттар тұқымдасының 113 тегінің бірі. Спатифиллумның бүгінгі таңда 50 түрі белгілі[1] . Біздін елде тек бөлме өсiмдiктерi түрінде өседі. Ол көбінесе «Әйел бақыты» деген атпен белгілі. Бұл аялы алақанға ұқсайтын гүлдеріне байланысты болуы мүмкін.
Биологиялық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көбіне бұл шөп тектес өсiмдiк. Әдетте 60 см өседі. Ол мәңгi жасыл өсімдік. Мамырда гүлдейдi. Тамырсабақ қысқа. Сабақты болмайды - тамыр қасындағы жапырақтар топырақтан шоқ тiкелей құрастырады.
Гүлдерінің түсі ақ, ұзындығы шамамен 7-12 см болады. Гүлінің сыртындағы қаптамасының түсі түріне қарай әртүрлі болып келеді. Гүлдері ұзын сабақ басында орналасады. Сабағының ұзындығы 30 см. Көктемде екі аптадай гүлдейді. Жаздың аяғында екінші мәрте, қыста үшінші рет гүл жарады. Солған гүлдерін түбінен кесіп тастау керек. Гүлдегеннен кейін де спатифиллум үлкен жапырақтарымен әдемі көрінеді.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өсімдік Орталық Америка: Мексика, Белиз, Коста-Рика, Сальвадор, Гватемала, Никарагуа, Панама және Оңтүстік Америкада: Тринидад және Тобаго, Франциялық Гвинея, Гайана, Суринам, Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Бразилия ормандарында кездеседі. Тек 3 түрі басқа аймақтарда өседі.
Түрлері:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Спатифиллумның бүгінгі таңда 50 түрі белгілі[1], олар 5 секцияға бөлінеді:
- Massowia (K.Koch) Engl.
- Amomophyllum (Engl.) Engl.
- Dysspathiphyllum Engl.
- Spathiphyllum
- Chlaenophyllum
- вид вне секций
- Spathiphyllum schlechteri (Engl. & Krause) Nicolson — Спатифиллюм Шлехтера
Күтімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Жарығы: Жарық жерде өсіру керек.
- Жылуы: Қыста 18ºC төмен болмағаны жөн. Орташа температурасы +25
- Суғарылуы: Гүлдеу кезінде молынан, басқа уақыттарда сирек суғарылады.
- Ылғалдылығы: Ылғалдылықты көп қажет етеді. Су бүркумен қатар, түбегінің түбіне үнемі су құйып тұру керек.
- Қоректендірілуі: Наурыз айынан қыркүйек айына дейін минералды тыңайтқышпен қоректендіріледі.
- Аурулары: Түбегі тым үлкен болса гүлдемей қалады. Ылғалдылық аз болса жапырақтарының ұштары сарғайып, қурап қалады.
- Көбейтілуі: Түбін бөлу арқылы көбейтеді.
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Spathiphyllum |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727