Мазмұнға өту

Соғыс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Ancient Warfare: Stele of the Vultures, c 2500 BC Medieval Warfare: Battle of Tewkesbury, 1471
Early Modern Warfare: Retreat from Moscow, 1812 Industrial Age Warfare: Battle of the Somme, 1916
Modern warfare: Into the Jaws of Death, 1944 Nuclear War: Nuclear weapon test, 1954
сағат тілінде солдан оңға қарай: Ежелгі соғыс: Құзғынның тасы(Stele of the Vultures), Алғашқы патшалық кезеңі (Месопотамия) б.з.д. 2500. Ортағасыр соғысы: Тьюксбери соғысы, 1471. Индустрия ғасыры соғысы: Сомму соғысы, 1916. Атом соғысы: Атом қаруын сынау, 1954. Осызаман соғысы: Ажал аңғарына ену, 1944. Алғашқы осызаман соғысы: Маскеуден қайту, 1812.

Соғыс — мемлекеттер, үкіметтер, қоғамдар, әскери күштер мен әралуан топтар арасында жалғасатын қарсы жағын - жауын құртуды көздейтін қарулы қақтығыс.

Жершарылық деңгейдегі яғни көп елдер қатысқан соғыс - дүниежүзілік соғыс деп аталады.

Ал екі ел арасындағы соғыс - мемлекетаралық соғыс деп аталады.

Бұдан басқа бір елдің ішкі түрлі күштері арасында немесе билігі мен қарсы топтар арасында болатын соғыс - мемлекет іші соғысы немесе азаматтық соғыс деп аталады.

Соғыс - аса қатал жазалау, қырып-жоюды көздеп, қарсы жақты бағындыруға, не қарсы жақтан қорғануға қатысты барлық шара, қимыл қолға алынады, қарсы жақты құрту мен күйрету басты нысана болады. Соғыста көбінесе арнайы соғысушы жасақ-жауынгерлер шайқас жасайды, бірақ еріктілер мен азаматтар да қатысуы мүмкін, және соғыста көбінесе бейуаз, әйелдер мен балалар жәбір көреді.

Әдеттегiдей, соғыс мемлекеттік, ұлттық, топтық еріктің қатал жолдармен оппонентiн құрту мақсатына талпынуы. Клаузевиц айтуынша "соғыс зорлық пен құралдар саясатының жаңа түрде жалғасымы".

Соғысты арнайы зерттейтін ғылым полемология (polemology) деп аталады. Ол ежелгі гректің Полмос (polemos) - "соғыс", және логия (logy)- үйрену, зерттеу мағынасын беретін сөздерінің бірігуінен жасалған.

Кей ойшылдар соғысты адамзат табиғатының атадан жалғасатын ерекше қасиеттерінің бірі, адам табиғаты соғысқұмар деп санаса (мысалы Фридрих Ницше), басқалары оны ерекше саяси-әлеуметтік-мәдени жағдайлардан, ерекше орта мен өзара байланыстан пайда болатын құбылыс деп есептейді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]