Сергей Владимирович Киселев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Киселев С. В..

Сергей Владимирович Киселев (17.7.1905, Ресей, Мәскеу облысы Мытищи қаласы – 8.11.1962, Мәскеу қаласы) – тарих ғылымының докторы, профессор (1939),

  • 1953 - КСРО ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Оңтүстік Сібір мен Моңғолия халықтарының ежелгі және ортағасырлық тарихына байланысты 120 ғылыми еңбектің авторы.
  • 1930 жылы - КСРО ҒА Археология институтының аға ғылыми қызметкері,
  • 1939 жылы - Мәскеу университетінің профессор болды.
  • 19491962 жылдары - «Вестник древней истории» журналының бас редакторы қызметін атқарды.
  • 1927 жылы - Алтайда, Хакасия мен Тувада, Орталық Қазақстанда археология зерттеу жұмысын жүргізді.

Олардың нәтижесі Киселевтің «Оңтүстік Сібірдің ежелгі тарихы» (1949 жылы орыс тілінде басылған; КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1950) деген еңбегінде қорытылды.

  • 19481949 жылдары - ежелгі Қарақорым мен Хара-Балғас қалаларын зерттеген кеңес-моңғол экспедициясын басқарды.
  • 19571961 жылдары - Байқал сыртындағы Кондуй сарайы мен Хирхир қаласын, т.б. зерттеп, 1965 жылы «Ежелгі моңғол қалалары» деген жинақ шығарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1950). Ленин және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы