Сарыағаш ауданы
Қазақстан ауданы | |||
Сарыағаш ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
13 | ||
Қалалық әкімдіктер саны |
1 | ||
Ауыл саны |
62 | ||
Қала саны |
1 | ||
Әкімі |
Арман Айдарұлы Абдуллаев | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Сарыағаш қаласы, Исмаилов көшесі, №37 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
41°37′12″ с. е. 68°43′12″ ш. б. / 41.62000° с. е. 68.72000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 41°37′12″ с. е. 68°43′12″ ш. б. / 41.62000° с. е. 68.72000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1939 | ||
Жер аумағы |
4 181[1] км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
218 998[2] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (85,70%), тәжіктер (5,00%), өзбектер (2,79%), әзербайжандар (1,67%), түріктер (1,35%), орыстар (1,08%), татарлар (0,75%), ұйғырлар (0,68%), басқа ұлт өкілдері (0,98%)[3] | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Автомобиль коды |
13 | ||
Сарыағаш ауданы – Түркістан облысының оңтүстік бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1939 жылы құрылған. Жерінің аумағы 4,2 мың км². Орталығы – Сарыағаш қаласы.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1928 жылы орталығы Сарыағаш ауылында Келес ауданы құрылған. 1939 жылы 16 қазанда аталған аудан Келес, Сарыағаш аудандары болып екіге бөлінді. 1963 жылы 2 қаңтарда Сарыағаш ауданына таратылған Келес ауданының аумағы беріледі. 1969 жылы 13 қаңтарда Келес ауданы екінші рет құрылып, 1988 жылы Сарыағаш ауданы құрамына қайтадан өтеді. 1989 жылы 13 қазанда Келес ауданы үшінші рет бөлініп шығып, 1997 жылы 24 сәуірде тағы таратылады. 2018 жылы 5 маусымда Келес ауданы төртінші рет қайта бөлініп шықты.
Географиялық орны, жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Солтүстігінде Арыс қаласымен, шығысында Қазығұрт, батысында Шардара, оңтүстігінде Келес аудандарымен және оңтүстік-шығысында Өзбекстанмен шектеседі.
Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы жазықты келеді. Солтүстігін Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбаймолда жотасы, оңтүстігін Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм, бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда –2 – 3°С, шілдеде 24 – 28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 – 300 мм. Ауданның батысын бойлай Сырдария, Оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес, Ащысай өзендері ағып өтеді. Жері сұр топырақты және құмды келеді. Бетеге, жусан, жүзгін, баялыш, өзен бойларында қамыс, бұта, аралас ағаш өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, күзен, жылан мен кесірткенің түрлері кездеседі. Өсімдіктердің өсіп-өну мерзімі 220-320 тәулік. Аудан аумағынан сулы Келес және Құр Келес өзендері ағып өтеді.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1959 | 1970 | 1979 | 1989[4] | 1999 | 2009[5] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|
58841 | ▲80107 | ▲96586 | ▲190366 | ▲212848 | ▼162031 | ▲211851 |
Тұрғыны 186 109 адам (2019). Халқы көп ұлтты, басым көпшілігі қазақтар (85,09%), одан басқа өзбектер (2,98%), тәжіктер (5,00%), әзербайжандар (1,70%), орыстар (1,24%), түріктер (1,41%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Ірі елді мекендері (2003): Сарыағаш қаласы (26,0 мың адам), Абай (18,0), Дербісек (10,3), Жібек жолы (5,8), Ынтымақ (5,4), Қабыланбек (5,1), Ақжар (5,0), Қызылжар (4,7), Жылға (4,1), Дарбаза (3,7), Ақниет (3,6), Құркелес (3,3), Қошқарата (3,2), К.Маркс (3,1), Ақжол (3,0), Таскескен (3,0), Көктерек кенті (2,6).
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]63 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақжар ауылдық округі | 6778 | ▲7594 | 112 | 3471 | ▲3868 | 111,4 | 3307 | ▲3726 | 112,7 |
Әлімтау ауылдық округі | 1705 | ▼1438 | 84,3 | 888 | ▼747 | 84,1 | 817 | ▼691 | 84,6 |
Дарбаза ауылдық округі | 6491 | ▲7278 | 112,1 | 3232 | ▲3695 | 114,3 | 3259 | ▲3583 | 109,9 |
Дербісек ауылдық округі | 12168 | ▲14670 | 120,6 | 6164 | ▲7501 | 121,7 | 6004 | ▲7169 | 119,4 |
Жартытөбе ауылдық округі | 15656 | ▲19557 | 124,9 | 7868 | ▲9945 | 126,4 | 7788 | ▲9612 | 123,4 |
Жемісті ауылдық округі | 3273 | ▲4444 | 135,8 | 1643 | ▲2216 | 134,9 | 1630 | ▲2228 | 136,7 |
Жылға ауылдық округі | 8633 | ▲8634 | 100 | 4406 | ▲4494 | 102 | 4227 | ▼4140 | 97,9 |
Жібек жолы ауылдық округі | 16167 | ▲18298 | 113,2 | 8035 | ▲9250 | 115,1 | 8132 | ▲9048 | 111,3 |
Көктерек ауылдық округі | 5492 | ▲6964 | 126,8 | 2670 | ▲3435 | 128,6 | 2822 | ▲3529 | 125 |
Қабланбек ауылдық округі | 15148 | ▲18493 | 122,1 | 7461 | ▲9208 | 123,4 | 7687 | ▲9285 | 120,8 |
Құркелес ауылдық округі | 19186 | ▲30989 | 161,5 | 9684 | ▲15568 | 160,7 | 9502 | ▲15421 | 162,2 |
Қызылжар ауылдық округі | 6229 | ▲7627 | 122,4 | 3158 | ▲3881 | 122,9 | 3071 | ▲3746 | 122 |
Сарыағаш қалалық әкімдігі | 40280 | ▲59606 | 148 | 19732 | ▲29591 | 150 | 20548 | ▲30015 | 146,1 |
Тегісшіл ауылдық округі | 4825 | ▲6259 | 129,7 | 2456 | ▲3117 | 126,9 | 2369 | ▲3142 | 132,6 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 162031 | ▲211851 | 130,7 | 80868 | ▲106516 | 131,7 | 81163 | ▲105335 | 129,8 |
Шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сарыағаш ауданында мақта, жүзім, көкөніс, астық, жеміс, бақша, картоп, қаракөл қойы, биязы жүнді қой, сүтті-етті мал, шошқа өсіруге маманданған 4 ұжымшар, 16 кеңшар, Мемлекеттік сұрыптау ст. болған. Ауданда 16 өнеркәсіп орны, 7077 агроқұрылым, оның ішінде: 101 заңды тұлға, 6976 шаруа қожалықтары бар. Аудан аумағында «Сарыағаш шипажайы» АҚ, «Арман», «Алтын бұлақ – Р» демалыс орындары, балалар шипажайы бар. «Алекс» ЖШС – Қазақстан – Польша бірлескен кәсіпорны, «Демеу», «Әсем-ай», «Курорт – Барс – 2030» ЖШС-тері Сарыағаш шипалы суын құятын кәсіпорындар, «Мырзакент»АҚ, «Айша бибі» ӨК – мақта тазарту завотында мақта талшығын өндіреді. «Сенім» ЖШС – тігін, тоқыма бұйымдарын шығарады. Сарыағаш. ауданында жүзім шаруашылығын өркендету үшін «Жүзім» бағдарламасы жасалынған, бұл бағытта «Қабыланбек» шарап жасайтын компаниясы, «Дербісек – Бахус» ЖШС, «Назико» ЖШС, «Ақжол» АҚ-ның шарап заттары, жүзім өңдейтін 6 цех жұмыс істейді. Ауданның барлық егіс көлемінің үштен бір бөлігіне дәнді дақыл, 11,9%-на көкөніс, 17,3%-на мақта, 31,1%-на жүзімдік егілген. Облыстағы арпаның жалпы өнімінің – 9,5%, жүгерінің – 26,5%, күнбағыстың – 36,5%, картоптың – 30,5%, көкөністің – 26,4%, жемістің – 24,5%, жүзімнің 39,9% жиналады. Облыстағы темекі өсіретін бірден-бір аудан. Аудан шаруашылықтарында облыстағы мүйізді ірі қара малдың – 10,4%, оның ішінде сиырдың – 12,5%, қой мен ешкінің – 13,7%, шошқаның – 3,7%, жылқының – 8,4% шоғырланған; түйе – 180, құс – 75,3 мың басты құрайды. Келес өзенінің бойында «Келес» ӨК-нің су электр ст. электр энергиясын өндіреді. Жалпы білім беретін 137 мектеп бар, оның 94-і орта, 15-і орталау, 28-і бастауыш және 2 спорт, музыка мектептері. Мәдени мекемелерден 290 мәдениет орталықтары мен 36 кітапхана бар. Денсаулық сақтау саласында 2 емхана, 4 аурухана, 24 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 104 фельдш.-акушерлік пункт, туберкулезге қарсы диспансер жұмыс істейді. Өзбекстанмен шекаралас Жібек жолы ауылында кеден бекеті орналасқан. Аудан жерінен Шымкент – Термез Халықараралық автомобил магистралі, Орынбор – Ташкент темір жолы өтеді.
Аудандағы ірі, орта және шағын әртүрлі меншіктегі кәсіпорындардың өнім шығарып тұрғандары 46% құрайды.
Өнеркәсіп саласы бойынша негізінен Сарыағаш минералды су құю (28.4%) және жеңіл өнеркәсіп (24.7%) салалары бар. Атап айтқанда «Алекс» ЖШС-минералды су құю өндірісі, «Айша-Бибі» ЖШС-мақта талшықтары өндірісі, «АВК Капланбек» АШК-жоғары сапалы шарап өнімдері, «Сенім» ЖШС-жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіреді. «Әуес», «Жылға-Агро» ЖШС-тері - бидай ұнын экспортқа шығаруда. «Дина-Н» ЖШС-құрылыс материалдарының 8 түрін шығаруда.
«Сарыағаш шипажайы»
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданның бiрден-бiр табиғи байлығы жер асты минералды емдiк-ас сулары болып табылады. Қазiргi кезде 55 термальды су скважиналарының барлығы аудан мекемелерi мен тұрғындарына қызмет көрсетуде. Аудан аумағында аты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де мәлiм «Сарыағаш шипажайы» МҚК, «Алтын-Бұлақ», «Арман» санаториясы, «Ана мен бала» шипажайы сияқты 10 демалыс аймағы бар. «Сарығаш шипажайы» - бальнеологиялық шипажай, Ташкент қаласынан 15 шақырымдай қащықтықта орналасқан. 1953 – 1956 жылдар аралығында емдеу орнына айналды. «Сарыағаш шипажайы» табиғи байлығы жер асты минералды емдiк-ас сулары болып табылатынтықтан, шаруашылық ұңғымалардан тәулігіне 84 м3 су алады. Ауасы құрғақ, жазы ыстық, ұзақ, қысы жұмсақ. Емге пайдаланатын минералды суының температурасы 49 – 52С. Құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот, гидрокарбонат, натрий, калий, кальций, магний, алюминий, мыс, марганец, молибден және микроэлементтер бар.[7] Ас қорыту органдарының қызметі, зат алмасуы бұзылған, жүйке жүйесі, қол-аяқ, тері, әйел ауруларымен сырқаттанып қалғандар келіп емделеді. Бұл шипажай Қазақстан Республикасы және басқада тыс жерлерге белгілі.[8]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Сарыағаш ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
- ↑ https://qazir.kz/article/Saryagash_qalasy
|
|