Портал:The Beatles
The Beatles порталы Топтың тарихы 1950 жылдардың ортасынан, рок-н-роллдың гүрлей бастаған кезеңінен басталады. Джон Леннон 1956 жылы алғаш естіген Элвис Преслидің «Heartbreak Hotel» әні оның өмірін түбегейлі өзгертеді. Сол кездерде ол гитара тартуды үйреніп достарымен бірге Куорримен тобын құрады. Олар тедди-бойларға ұқсап скиффлді ойнайды. 1957 жылдың жазында ол алғаш концерттердің бірінде Пол Маккартнимен танысады, Пол оны гитара тарту өнерімен және әндердің сөзін білгенімен таңдандырады. 1958 жылдың оларға Полдың досы Джордж Харрисон қосылады. Уақыт өте келе олар болашақтағы Битлз тобының негізі болады, ал қалған топ мүшелері топтан кетеді.
Джон Леннон
Джон О́но Ле́ннон (ағылш. John Ono Lennon, азан шақырылған аты Джон Уи́нстон Ле́ннон ағылш. John Winston Lennon) — британдық рок-сазгер, әнші, композитор, суретші, жазушы (1940 ж. қарашаның 9, Ливерпуль, Ұлыбритания — 1980 ж. желтоқсанның 8, Нью-Йорк, АҚШ).
The Beatles тобының негізін қалаушы және мүшесі, 20 ғ. ең әйгілі сазгерлерінің бірі. Музыкалық қарекетімен қатар Леннон саяси қайраткер болды. Өзінің көзқарастарын ол өз әндері мен бұқараның алдында жеткізіп жүрді. Атақты «Imagine» әнінде Леннонның әлемнің қалай құрылуы жөнінде ойлары байқалады. Леннон адамдардың арасындағы теңдікті, бостандықты, бейбітшілікті жырлады. Бұның бәрі оны хиппилердің кумирі болуымен қатар 1960—1970 жылдардағы ең белгілі қоғам қайраткерлері қатарына қосты. 2002 жылы БиБиСи медиакорпорациясы (ағылш. BBC) ең ұлыбритандықтар тізімін құрастыру мақсатында сұрау жүргізді. Джон Леннон бұл тізімде тоғызыншы орынды алды.Пол Маккартни
Сэр Джеймс Пол Макка́ртни (ағыл. Sir James Paul McCartney, 18 маусым 1942 ж., Ливерпуль, Ұлыбритания) - британдық рок-музыкант, әнші, композитор, продюсер, көп аспаптарда ойнай біледі.
Әйгілі The Beatles тобының негізін қалаушыларының бірі. Грэмми сыйлығына бес рет ие болған лауреат. Маккартни қазіргі таңның ең мықты сазгер әрі композиторы ретінде бірнеше рет Гиннесстің рекордтар кітабына енген. Грэмми сыйлығының бес рет лауреаты. Британия империясы орденінің кавалері. Оның 60-тай дискі «алтын» статусына ие, ал синглдерінің жалпы тиражы 100 миллионнан асады. Оның «Yesterday» өлеңінің 3700 аса кавер-нұсқалары жазылған. Ринго Старр
Ринго Старр (ағыл. Ringo Starr, шын аты Ричард Старки, ағыл. Richard Starkey; 7 шілде 1940 ж., Ливерпуль) – британдық музыкант, әндердің авторы, актер. The Beatles тобының дабылшысы ретінде танымал. 1962 жылдың 18 тамызында The Beatles квартетінің құрамына ресми түрде кірді. Бұған дейін ол Рори Стормның Rory Storm and The Hurricanes бит тобының мүшесі болған. Сол кезде бұл топ The Beatles-тың басты бәсекелесі болатын. Топ мүшелері тарап кеткеннен кейін Ринго бірнеше фильмдерге түсіп, жарнамамен айналысты.
Джордж Харриcон
Джордж Ха́ррисон (ағыл. George Harrison; 25 ақпан 1943 ж., Ливерпуль — 29 қараша 2001 ж., Лос-Анджелес) – ағылшын рок-музыкант, әнші, композитор, жазушы, продюсер, гитаристші. The Beatles тобының бас гитаристі ретінде танымал. Rolling Stone журналының нұсқасы бойынша Джордж 100 ұлы гитаристердің тізімінде 21-ші орында тұр. The Beatles тобының әр альбомдарында Харрисонның өзі жазып орындаған әндері де бар. Топ мүшелері тарап кеткеннен кейін, жеке карьерасын бастайды. Бірнеше танымал альбомдары бар: «All Things Must Pass», «My Sweet Lord».
Мақалалар1960 жылдың жазында The Beatles Гамбург қаласында ойнауға шақырылды, ол жердегі клубтардың иелері шын ағылшынның рок-н-ролл ансамбльдарына қызығушылық тудыратын; Гамбургте бұрында да Ливерпуль қаласының топтарының ойнауының септігі тиді. Бірақ, бұл жағдай оларды жедел түрде келісім-шартқа сәйкес кәсіби соқпалы аспапшыны іздетті. Осылайша, топқа Касба клубында ойнайтын The Blackjacks атты ливерпульдік рок-топтың соқпашысы Пит Бест келді. 16 тамыз күні The Beatles Англиядан кетті, келесі күні-ақ олар гамбургтік Indra клубында алғашқы концертін қойды, бұл жерде топ қазан айына дейін ойнайды. Қазан айынан қараша айының соңына шейін The Beatles «Kaiserkeller» клубында ойнады. Қойылым кестесі өте қатты болды: әдетте, 12 сағат бойына клубта бір сағат бойы бір топ, келесі сағатта - келесі топ ойнады. Топ мүшелері кинотеатрдың ғимаратындағы тар бөлмеде тұрды. Сахнада музыканттар көптеген материалдарды ойнау керек болды, сондықтан, рок-н-роллдан басқа блюз, ритм-энд-блюз, халық әндерін, ескі эстрадалық және джаз номерлерін рок-н-роллға ыңғайлап ойнады. Кейде кәдімгі әндер рок-н-роллға келтіріле жарты сағат ойналатын; мұнымен қатар, топтың байқағаны, немістерге дауысы жоғары және агрессивті музыка ұнайтын. Битлз өз әндерін ойнаған жоқ, себебі, өздерінің айтуы бойынша - сол кездегі ортада келісті материалдар көп болатын. Осындай күн сайынғы жұмыс пен кез-келген жанрда ойнау қабілеті олардың
Жобалар
Бұл порталды толықтырып, Уикипедияға көмектесуге шағырымыз. Жобаның қатысушылары |