Мазмұнға өту

Портал:Олимпиада ойындары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Портал Жоба Талқылау Қатысушылар



Олимпиада ойындары порталына қош келдіңіздер!

Уикипедияның Олимпиада ойындарына арналған бөлім

Кіріспе

Италияның елтаңбасы
Италияның елтаңбасы
Олимпиада ойындары (гр. Olympіa) — халықаралық кешенді спорттық жарыс. Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиялық ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпия ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.б. 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілді.

Таңдаулы мақала

Бобслей экипажының старты
Бобслейшанамен сырғанау спортының бір түрі.

19 ғасырдадың аяғында Швейцарияда пайда болған. Бобслей жарысы биік жал сияқты етіп екі қапталына және табанына мұз қатырылған, шұғыл бұрылыстары бар, арнайы жолдарда өткізіледі. Экипаж 2 және 4 адамнан тұрады. 2 адамдық экипаждағы спортшылар салм. 200 кг-нан, шананың салм. 165 кг-нан, ұзындығы 270 см-ден; 4 адамдықта спортшылар салм. 400 кг-нан, шананың салм. 230 кг-нан, ұзындығы 380 см-ден аспауы тиіс. Шананың сырғанау жылд. сағатына 100 км-ден астам болады. Бобслей 1924 жылдан бастап қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді. Еуропа, Азия және Дүние жүзі чемпионаттары өткізіледі. Арнайы жасалған бобслейдром болмағандықтан Қазақстанда дамымаған.

Үздік сурет

Туриндегі Қысқы Олимпиаданың ашылу рәсімі кезінде.

Қазақстан Олимпиада ойындарында

Олимпиада ойындарындағы Қазақстан
Ойындарда қолданылған ту
ХОК коды:KAZ
ҰОК:Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті
Жазғы Олимпиада ойындарында қатысу
1996  • 2000  • 2004  • 2008  • 2012  • 2016  • 2020  • 2024
Қысқы Олимпиада ойындарында қатысу
1994  • 1998  • 2002  • 2006  • 2010  • 2014  • 2018  • 2022
Қосымша

Қазақстан атлеттері жеңіп алған медальдар:

Олимпиада Алтын 1 Күміс 1 Қола 1 Жалпы
Лиллехамер 1994 1 2 0 3
Атланта 1996 3 4 4 11
Нагано 1998 0 0 2 2
Сидней 2000 3 4 0 7
Афина 2004 1 4 3 8
Бейжің 2008 2 3 4 9
Ванкувер 2010 0 1 0 1
Лондон 2012 3 2 6 11
Сочи 2014 0 0 1 1
Рио-де-Жанейро 2016 2 5 10 17
Пхёнчхан 2018 0 0 1 1
Токио 2020 0 0 8 8
Париж 2024 1 3 3 7
Жалпы 16 28 42 86

Мақалалар

Жаңа мақалалар:

Жазу керек:

Таңдалған тұлға

Пьер де Кубертен
Пьер де Кубертен

Пьер де Фреди́, барон де Куберте́н (фр. Pierre de Frédy, baron de Coubertin) (1 қаңтар 1863, Париж — 2 қыркүйек 1937, Женева) — француздық спорттық және қоғамдық қайраткер, тарихшы, педагог, литератор, барон. Қазіргі Олимпиада ойындарынының ұйымдастырушысы (1896 жылдан бастап өткізіледі). Халықаралық олимпиада комитетінің президенті (ХОК, 1896—1916, 1919-1925). Париж қаласында, аристократиялық отбасында дүниеге келген, Шарль Луи де Фреди және Агата-Габриэль де Мирвилльдің үшінші баласы. Кубертен спортқа үлкен назар бөлген. Әсіресе ол регбиді ерекше бөлген және рефери міндетін атқарған.

(толығырақ...)



Карл Льюис (ағылш. Frederick Carlton ("Carl") Lewis) (1 маусым 1961) - 10 Олимпиялалық медаль (9-ы - алтын), 10 Әлем чемпионаты медалі (8-і - алтын) иегері, спорт мансабы 1979-дан 1996-шы жылғы соңғы Олимпиададан орын алып зейнетке кеткен АҚШ спортшысы.

Дуалы ауыз мамандардан бастап, қатардағы қарапайым жанкүйерлерге дейін Карл Льюисті «Желден жүйірік адам» деп атап кеткен. Сексенінші жылдардың басы мен тоқсаныншы жылдардың бел ортасында оның өнеріне құлшына қол соқпаған адам аз. АҚШ спортшысы 100 және 200 метрлік қашықтыққа жүгіруде, 4х100 эстафеталық жарыста және ұзындыққа секіруде Олимпиаданың сегіз алтын медалін жеңіп алды. Жер бетіндегі ешбір жеңіл атлет осындай көрсеткішімен мақтана алмайды.

толығырақ...

Порталдар

Санаттар

Есептегіштер

Париж
Өткізілді
2024
Милан/Кортина
Қалды: 407 күн
2026
Лос Анжелес
Қалды: 1296 күн
2028


Негізгі мақалалар