Портал:БҰҰ
Мазмұны · Жаңа беттер · Іздеу · Санаттар · Таңдаулы мақалалар · Қауым порталы
Тұлғалар · География · Тарих · Қазақ тілі · Техника · Қоғам · Спорт · Дін · Ғылым
Портал | Жоба | Талқылау | Қатысушылар |
Кіріспе
Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.
Штаб-пәтері Нью-Йорк (АҚШ) қаласында орналасқан. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945 ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды. БҰҰ құрылымы: Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр.
Көзі қарақты көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүшелер мен оның бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас Ассамблея Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Ұйымның әртүрлі органдарына мүшелер Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен БҰҰ-ның Бас хатшысын сайлайды. Бүгінде Қауіпсіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше. Осы тұста айта кетейік, біраз жылдардан бері Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері қатарын көбейту жөнінде мәселе қозғалып жүр. Бірақ әзірше ол шешімін тапқан жоқ.
Таңдаулы мақала
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі (ағылш. United Nations Security Council, фр. Conseil de sécurité de l'ONU, араб.: مجلس أمن الأمم المتحدة, қыт. 联合国安全理事会, ис. Consejo de Seguridad de la ONU, орыс. Совет Безопасности ООН) — БҰҰ-ның негізгі саяси органдарының бірі. Кеңеске халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі жүктелген. БҰҰ-на мүше 15 мемлекет өкілдерінен құралған АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция кеңестің тұрақты мүшелері.
Таңдаулы тұлға
Даг Яльмар Агне Карл Хаммаршёльд (швед. Dag Hjalmar Agne Carl Hammarskjöld, Dag Hammarskjöld ; 29 шілде 1905 — 18 қыркүйек 1961) — қаржы министірлігінде және Швеция банкінде, кейіннен шетел істері жөніндегі миністірлікте әртүрлі қызмет атқарған мемлекет қайраткері; 1953 жылдан өмірінің соңына дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы қызметінде болған. БҰҰ өткізген (1956 жылы Мысырда) алғашқы қайырымдылық шарасының ұйымдастырушысы. Сонымен қатар ақын, журналист әрі эссе шебері ретінде танымал. 1954 жылдан Швед академиясының мүшесі. Дүниеден өткен соң 1961 жылы дүниежүзілік Нобель сыйлығының лауреаты атағы берілді. БҰҰ-ның Конгода өткен қайырымдылық шараның ұйымдастырылуы барысында Солтүстік Родезиядағы әуе апатында қаза болды. Апаттың нақты себептері мен жағдайлары әлі күнге дейін белгісіз.
Толығырақ...Таңдаулы сурет
Күнтізбе
- 20 желтоқсан : Халықаралық адамдар тілектестігі күні
- 18 желтоқсан : Халықаралық иммигранттар күні
- 12 желтоқсан : Таяу Шығыс жағыдайы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің жиыны.
- 11 желтоқсан : Халықаралық таулар күні
- 10 желтоқсан : Халықаралық адам құқықтары күні
- 2006 : Халықаралық шөлдер және шөлдену күні
- 2005-2015 : Тұрақты халықтардың екінші халықаралық онжылдығы
- 2003-2013 : Біріккен Ұлттардың сауаттылық онжылдығы
Ұйымдары
Жобалар
Уикиқор | Уикисөздік | Уикитека | Уикидәйек |
Бұл порталды толықтырып, Уикипедияға көмектесуге шағырымыз. Жобаның қатысушылары