Портал:Арал

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Арал порталына қош келдіңіз! Жобада 140 мақала бар (Жаңарту)

Портал Фотогалерея Жоба Талқылау Порталдар

Арал қаласы және теңізі туралы портал

Арал қаласы (ағылш. Aral, орыс. Аральск) — Қызылорда облысындағы аудан орталығы, қала, темір жол стансасы. Арал теңізінің солтүстік-шығысындағы Үлкен Сарышығанақ қолтығында, шөл белдемінде орналасқан.
Арал теңізіҚазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз 20 ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

Таңдаулы мақала

Арал теңізіҚазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз 20 ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. ХІХ ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік дәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі. (толығырақ...)

Үздік сурет

Арал қаласындағы Арал аудандық Орталық мешіті

Мәдениет

    "АРАЛ-АС" КВН командасы (Арал-АС көңіл тапқыштар клубы)2007 жылы құрылды. Алғаш сахнаға сол жылдың 25 тамызында шықты. Сол күн команданын туған күні болып қалды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған 2011 жылғы финалда "АРАЛ-АС" КВН командасы бірінші орынды иеленді.

    "АРАЛ-АС" мағынасы

    1. Құрамындағы ойыншылар әр командадан, әр мектептен араласып жинақталғандықтан;
    2. "АС" — орыс тілінен (профессионал) өз ісінің маманы дегенді білдіреді.

    Команда құрамы

    1. Дәрмағамбетов Төребек Әділбекұлы — 11.09.1987 (жетекші)
    2. Махамбетов Ғалым Бауыржанұлы — 31.03.1990 (капитан)
    3. Оразғұлов Азамат Шығыршыбайұлы — 04.08.1989
    4. Скендіров Ақылбек Пазылбекұлы — 01.05.1989
    5. Бекжанов Данияр Бақытбекұлы — 11.10.1989
    6. Қосымов Жасұлан Бақытжанұлы — 22.05.1992
    7. Кемаділдаев Айдос Болатбекұлы — 20.09.1992
    8. Дәрменов Нұрсұлтан Талғатұлы — 17.01.1993
    9. Уснадинов Берік Қайратұлы — 07.08.1992
    10. Әлібаев Аслан — 1993

Сіз білесіз бе?

    • Аралабад кеңес курортты қаласы “Syberia” компьютерлік ойынында, атауына қарағанда Арал теңізінде орналасқан.
    • Рашид Нығмановтың «Ине» ( Игла) киносында басты кейiпкерлер (Цой, Смирнова) Арал теңізіне барады.
    • Арал теңiзiнiң таязданған түбiнде екi қоныс пен кесенелердiң қалдықтары табылған (солардың бірі Кердері кесенесі).
    • «Иттер» ( Псы) киносы (рөлдерде Андрей Краско, Юрий Кузнецов, Михаил Жигалов және б.) Арал теңізінің құрғау нәтижесінде туындаған адам мен табиғаттың арақатынастарының трагедиясын ашып көрсетеді. Бұл кинода экспедиция аңшыларының, кезінде толы өмір мен су, ал қазір Арал теңізінің жағасындағы тастанды қалаға қасқыр-жалмауыздарды ату үшін баруы туралы айтылады.
    • «Call of Duty: Black Ops» компьютерлік ойынында басты кейіпкер белгілі бір тапсырманы орындау барысында Арал теңізінің аралдарының біріне түсіп қалады.
    • «X-Men: First Class» киносында Арал теңізімен аттас кеменің атауы жайлы айтылады.

Көмек көрсету

Таңдаулы тұлға

Сариев Шөмішбай Нағашыбайұлы (15.4.1946 жылы туған, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш станциясы) - зерттеуші, ақын, сазгер. Қазалы ауданы "Ленин туы" және Арал ауданы "Толқын" газеттерінде қызмет атқарған, ҚазҰУ-ды бітірген (1971). 1970 - 74 жылдары "Қазақстан" баспасында редактор, "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болған. "20 ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы" атты монография авторы. "Ғашықтар жыры", "Боз-жорға" атты авторлық бейнетаспасы жарық көрді. Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы "Балдәурен" деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты. Сариев "Сәлем саған, туған ел", "Домбыра", "Қарағым-ай", "Сарыарқа", "Аралдан ұшқан аққулар", "Атамекен-ай", "Аққу-сенім", "Жер Ана", "Ән жүрегім туған ел", "Үкілі домбыра", "Дос керек", "Бозжорға" атты бірнеше ән-өлеңдердің авторы. 1992 жылы "Сүйінші" деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ болып басылған. Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (2003), "Тарлан" сыйлығының иегері (2004). (толығырақ...)

Жаңалықтар

    Жастар жарады

    Ауданымызға келген Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Қызылорда жастары» қауымдастығының бір топ мүшелері қалалық әкімшілік мәжіліс залында белсенді жастармен кездесу өткізді.

    Астана күніне арналуда

    Арал ауданы бойынша Астана күні мерекесіне орай аудан көлемінде ауқымды шаралар ұйымдастырылуда.

    Облыс бойынша Арал ауданы бірінші орында

    Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауларының қағидаларын, өңірлік, аудандық бағдарламаларды орындауда аудан экономикасында салыстырмалы түрде орнықты макроэкономикалық тұрақтандыру мен ілгерілеушілік қарқын алды.

    Бекбауылдағы бәйге
    Бекбауыл ауылы тау етегіне қаздай тізіле орналасқан тарихи шағын ауыл. Жуырда ғана сол ауылдағы №65 орта мектепте «Туған жерім – тұғырым, туған тілім - ғұмырым» атты бәйге болып өтті.

Әдебиет

    Кіндігім бірге Аралмен

    Кіндігім бірге Аралмен,
    Теңізден тыныс алам мен.
    Ақ пейіл ана секілді
    Алдымда жатыр далам кең!
    Сырласып жібек самалмен,
    Желпінсе жүрек жаңа әнмен.
    Теңізше жаным кең шалқып
    Теңізше толқып қалам мен!
                                Зейнолла Шүкіров

    Аралым, айдын шалқарым

    Алқаракөк айдынында
    Аққу жүзген Аралым!
    Айдыныңа ай нұрында
    Айбаттана қарадым.
    Аралым, айдын шалқарым,
    Толқыны бұлтқа ұмтылған;
    Толқын сайын бір жайын
    Тулап ойнап бұлқынған.
    Шарасында шайқатылған
    Берекесі даланың;
    Ақ қайраңы айға атылған
    Көл еркесі, Аралым!
    Аралым, айдын шалқарым,
    Толықсып жерде кұлпырған;
    Жағасында жасарып,
    Қыз да туған, ұл туған.
    Аралым, айдын шалқарым,
    Жағалай қаптап ел қонған;
    Балдырған жас баласы
    Тез ер жетіп, ер болған.

                                Қасым Аманжолов, 1949 жыл

Санаттар

санатшалары жоқ

Мақалалар тізімі

Уикимедиа жобалары

Уикихабар
Жаңалықтар
Уикидәйек
Дәйектер
Уикиқор
Суреттер
Уикиқайнар
Мәтіндер
Уикикітап
Кітаптар