Пантограф

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Пантограф

Пантограф (гр. pantos – бәрі және grapho – жазамын) – карта, план, сызбаларды әдетте кішірейтілген масштабта қайта сызу үшін қолданылатын аспап. Пантографтың өлшемі де, құралымы да әр түрлі (аспалы, дөңгелек, т.б.) болып жасалады. Аспалы Пантограф қозғалысы жеңіл, бірқалыпты келеді әрі ол арқылы алынған көшірмелердің дәлдігі жоғары болады. Пантограф A, B, C, D нүктелерінде өзара топсалармен жалғасқан (суретті қ.), екі-екіден параллель екі сызғыштан тұрады және ABCD параллелограмын құрайды. Мұнда А нүктесі (полюс) қозғалмайды, Ғ нүктесінде түп нұсқаның бетімен қозғалатын тетік, К нүктесінде кішірейтілген көшірмені сызатын қалам орналастырылады. Түпнұсқа мен көшірменің масштабтарының қатынасы CD сызғышын АЕ және ВҒ сызғыштарының бойымен жылжыту арқылы өзгертіледі. Осы мезгілде А, К, Ғ нүктелері бір түзудің бойында жататындай етіп К нүктесіндегі қалам да орын ауыстырады. Осылайша түп нұсқа мен көшірменің ұқсастығы сақталады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, V-том