Обаған (жинақ)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Обаған - 1996 жылы «Рауан» баспасынан жарық көрген мақалалар жинағы. Құрастырушы - филология ғылым доктары А.Қ.Егеубаев. Жинаққа Қаныш Сәтбаев пен Ә.Х.Марғұланның қазақ тарихына, мәдениеті мен өнеріне, тұрмыс-салтына байланысты жазған мақалалары топтастырылған. Сәтбаевтың әр жылдары жарық көрген «Жезқазған жеріндегі көне ескерткіштер», «Обаған», «Қазақстанның ұлт театры туралы», «Ер Едіге туралы аңыз» атты мақалалары берілтен. Мысалы, «Обаған» атты мақаласы «Қазақ тілі» газетінің 1923 жылы 13 желтоксанында жарық көргені, оның соңына «Байшуақ» деген лақап есіммен қол қойғаны айтылған және «Оқшау сөз» сынды қосымша анықтамасы бар. Онда Обаған өзеніне байланысты «Обаған» әнінің шығу тарихы сөз болады. «Обаған» жинағынан оқырман қауым, мұғалімдер, студенттер мен оқушы жастарға ой-салатын пікір, қызықты материалдар молынан табылады. Кітап көпшілікке арналған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8