Нылқы ауданы
Нылқы ауданы (қыт. 尼勒克县 Nilka ) - Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ автономиялық облысының Іле аймағына қарасты әкімшілік-аумақтық құрылым. Тянь-Шань тауының орта бөлігінде орналасқан, Іле өзенінің жоғарғы ағысында. Халық саны 186900 адам, аумағы 10375 к.к., 1931 жылы негізі қаланған. 10 ауылдық округ, 1 қалашықтан тұрады. Аудан аумағында қазақ, хань, ұйғыр қатарлы ұлттар тұрады, оның ішінде 71 % қазақтар құрайды. Халқы негізінен мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысады, Үрімжі қаласынан 516, облыс орталығы Құлжа қаласынан 112 шақырым қашықтықта орналасқан. Аудан туристік ресрустарға бай табиғатының сұлулығымен ерекшеленеді, Қас өзені Нылқы ауданының дәл орта бөлігін кесіп өтеді. Ауданда әйгілі Таңбалы жайлауы бар. Бұл жайлау осы өңірдің туристік орталығы болып табылады.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |