Мэрилин Монро
Мерилин Монро | |
Marilyn Monroe | |
Ханзада мен Қардайақ фильмінің кадрында, 1957 жылы | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Норма Джин Мортенсон |
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Лос-Анджелес, АҚШ |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары |
1947—1962 |
Марапаттары |
«Алтын глобус» (1959) |
IMDb | |
Ресми сайты |
Мэрилин Монро немесе Мерилин Монро [1](ағылш. Marilyn Monroe, туғандағы есімі Норма Джин Мортенсон, ағылш. Norma Jeane Mortenson, шоқындырылғанда Норма Джин Бейкер, ағылш. Norma Jeane Baker (Норма Джин Бейкер); 1 маусым, 1926 – 5 тамыз, 1962)[2] — америкалық әртіс, әнші және XX-ғасырдың танымал моделі болған.
Жастық шағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Норма Джин Мортенсон 1926 жылы Лос-Анджелес ауруханасында 9:30-ға таяу уақытта дүниеге келді. Ол киномонтаждаушы Гледис Перл Бейкердің үшінші баласы болатын. Нағашы әжесі - Делла Монро — Ирландиядан, атасы - Отис Монро[3], Шотландиядан келген, ал анасы Мексикада туған. Қыздың биологиялық әкесінің кім екені белгісіз, бірақ туу туралы куәлігінде Мартин Эдвард Мортенсон деп жазылған және қыз да Норма Джин Мортенсон деп тіркелген. Кейінірек, қызға алты ай толған соң оны Евангелия шіркеуінде шоқындырып жатқанда анасы қызының тегін Бейкер етіп өзгерткізді.
Белгісіз себептерге байланысты, әкесінің тегі құжаттарда орфографиялық қатемен жазылған. Негізінде 1924 жылы 11 қазанда Глэдис тұрмысқа шыққан норвег эммигранты Мартин Эдвардтың (1897—1981) тегі Мортенсон емес, Мортенсен болған. Дәл осы қатенің кесірінен сол кезде актрисаның биологиялық әкесінің кім екені жөнінде көптеген түсініспеушіліктер туындаған. Глэдис Мортенсенмен 1925 жылы 26 мамырда айырылысты (1928 жылы толығымен ажырасты)[4] 1925 жылдың аяғында Глэдис аяғы ауыр екенін байқайды. Сонымен қатар Монроның кейбір биографтары Глэдис жалғыз ана атанбас үшін Мортенсеннің есімін пайдаланған деп жоруда. Ал Монро Мортенсеннің өз әкесі екенін әрдайым жоққа шығаратын. Бірде ол анасының Чарльз Стэнли Гиффордтың суретін көрсетіп, оны Монроның әкесі деп таныстырғанын айтты. Актрисаның айтуы бойынша Чарльздің Кларк Гэйблдікіндей мұрты болған, сондықтан оны көбінесе Гэйблге ұқсатқан.
Голливудтағы мансабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1946 жылдың тамызында ол 20th Century Studios-пен келісімшартқа отырып, статист болып жұмысқа кірді. Студияда оған есімін Кэрол Линд, Клэр Норман, немесе Мэрилин Миллер етіп өзгертуін ұсынды. Және соңында Мэрилин Монро етіп өзгертті. Монро — анасының тегі.
Монро алғашқы некесінен кейін өз мансабы туралы ойлап, 1946 жылдың аяғында күйеуімен ажырасады.
1848 жылдың қазан айында Columbia Pictures киностудиясында "Хористки" фильмі шықты. Бұл Монроның өзі сомдап, өлең айтып шыққан алғашқы фильмі болатын. Бұл фильмнен кейін 20th Century Studios киностудиясымен жеті жылдық келісімшартқа отырады және «Асфальтовые джунгли» фильміндегі рөлді алады.
1954 жылдың ақпан айында ол бейсболист Джо Ди Маджоға тұрмысқа шығады. Бірақ Ди Маджо актрисаны барлық ер кісілерден қызғанады екен және сол себепті оған көп қол көтеретін болып шығыпты. Қызғаныштың кесірінен олар 1954 жылдың қазан айында ажырасады. Алайда , Джо Мэрилинді өмірінің соңына дейін сүйіп өтеді және Мэрилиннің барлық сүйіктілерінен сол ғана оның жерлеуіне келеді. Монро Ди Маджоға тұрмысқа шыққан соң 20th Century Studios киностудиясы оны «Нет лучше бизнеса, чем шоу-бизнес» атты мюзиклге түсуге шақырады.
1954 жылдың наурыз айында Мэрилин "Ең танымал актриса" сыйлығын жеңіп алады. 1954 жылдың қаңтарында ол «Мэрилин Монро Продакшнс» атты өзінің жеке корпорациясын ашатыны туралы жариялайды. Және сол корпорацияның иесі мен акциялар пакетінің иегері өзі болып табылады.
1960 жылдың 8 наурызында Мэрилин Голливудтық "Даңқ аллеясының" иегері атанады.[5]. Мэрилин 1961 жылдың 20 қаңтар күні Артур Миллермен ажырасады. Сол жылдың ақпан айында Нью-Йорктегі психиатриялық клиникаға жатқызылып, ол жерден 1961 жылы 5 наурызда шығады.
Жеке өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мэрилин драматург Артур Миллермен 1950 жылы танысады, бірақ содан айырылысып, кейін 1955 жылы қайта табысады. Артурдың бұрынғы әйелінен екі баласы болатын. Олар заңды түрде 1956 жылы 29 маусымда үйленеді. Ал екі күннен кейін еврейлік той рәсімін өткізеді (Артур еврей болған). Бұл неке басқаларына қарағанда ең ұзағы болды, себебі Мэрилин оның білімін арттыратын, өмірлік ұстазы бола алатын ақылды ер адамға тұрмысқа шығуды қалайтын. Бұл неке айтарлықтай бақытты болмады: олар төрт жарым жыл бірге тұрып, 1961 жылдың 20 қаңтарында ажырасады. Кейінірек Артурдың үйлену тойынан кейін өз күнделігіне: "Ол кішкентай бала сияқты, мен оны жек көрем!", деп жазғаны белгілі болады. Мұны көрген Мэрилин ашуланып, екеуі ұрысып қалады. Мэрилин балалары болғанды әрдайым қалайтын, әр некесінде жүкті болуға тырысқанымен, ештеңе шықпайтын. Артурдан жүкті болғанымен, бұл жүктілік жатырдан тыс болып шықты.
Саяси көзқарасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мэрилин Монроның құрбысы мен хатшысы Патрисия Ньюкомбтың айтуы бойынша, Мэрилин өзінен интервью алып жатқан репортерден : "Өтінемін, интервьюді мен сенетін нәрсемен аяқтаңызшы", деп, мақаланы "Өмірдегі ең қажет нәрсе ол нағыз туыстық сезім. Барлығы: жұлдыздар, жұмысшылар, қара нәсілділер, арабтар, еврейлер - біз барлығымыз бауырлармыз" деген сөздермен бітіруін сұрағанымен, өтініші жауапсыз қалды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Marilyn Monroe: Fast Facts. cmgww.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 17 қазан 2012. Тексерілді, 6 қыркүйек 2012.
- ↑ Marilyn Monroe Biography. Biography.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 17 қазан 2012. Тексерілді, 6 қыркүйек 2012.
- ↑ Мэрилин Монро. Ерлер әлеміндегі өмір\Софья Бенуа.- М.:Алгоритм, 2012. — 12
- ↑ AP. Mortensen's Death and documents, New York Times (ақпан 13, 1981). Тексерілді 2 наурыздың 2010.
- ↑ Marilyn Monroe. Walk of Fame. Басты дереккөзінен мұрағатталған 17 тамыз 2012. Тексерілді, 14 тамыз 2012.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Marilyn Monroe |
- Файл сілтемесі бұзылған беттер
- Pages with image sizes containing extra px
- 1 маусымда туғандар
- 1926 жылы туғандар
- 5 тамызда қайтыс болғандар
- 1962 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша актрисалар
- АҚШ актрисалары
- Алфавит бойынша әншілер
- АҚШ әншілері
- Лос Анжелесте туғандар
- Лос Анжелесте қайтыс болғандар
- АҚШ кинематографы актрисалары
- XX ғасыр актрисалары
- XX ғасыр әншілері
- АҚШ фотомодельдері
- XX ғасыр фотомодельдері
- Комедия және мюзикл жанры бойынша үздік әйел рөлі үшін Алтын глобус сыйлығының иегерлері
- Мэрилин Монро
- Лақап есімімен танымал әртістер
- Playboy модельдері
- Голливуд Даңқ аллеясы
- Алтын глобус сыйлығының иегерлері
- Дәрі дозасын көбейтуден қайтыс болғандар
- Вествудс зиратында жерленгендер
- Актерлік студия түлектері
- Лос Анжелестегі жоғарғы мектеп университеті түлектері
- Өзін-өзі өлтірген актрисалар
- Нуар фильмдері актисалары