Маслоудың қажетсіну пирамидасы
Маслоудың қажетсіну пирамидасы (ағылш. Maslow's hierarchy of needs) — американ психологі Абрахам Маслоу ұсынған адам қажетсінуін сипаттайтын иерархиялық моделдің жалпы атауы.[1] 1943 ж. Маслоудың "Psychological Review" журналында басылып шыққан "Адам мотивациясының теориясы" ("A Theory of Human Motivation") атты кітабында бұл идея қарастырылған боалтын. [2]
Маслоу бұл идеясын адамның ішкі құмарлықтарына бақылау жасау барысында қалыптастырған. Оның бұл теориясы адам дамуы психологиясындағы басқа теориялармен қатарласып, адам өсуі мен жетілуінің сатыларын айқындайды. Ол қоғамдық жалпы қажетсінуді сипаттайтын классификация жүйесін жасайды және оны тәжірибеден келген сезімдермен толықтырады. Маслоудың қажетсіну иерархиясы адамның не үшін мәлім әрекеттерге ниеттенетінін оның түрлі деңгейдегі талап-тілектерімен түсіндіреді. Ол "Физиологиялық", "Қауіпсіздік", "Иелік және махаббат", "Қоғамдық қажетсіну, немесе Құрметтелу" және "Өзін-актуалдау" секілділер арқылы адамды әрекетке салған мотивацияны түсіндіреді.
Маслоудың түсіндіруі бойынша, әрбір саты келесі сатыға көтерілу үшін, алдыңғы саты толық орындалуы, алдыңғы қажетсіну толық қанағаттануы керек.
Адамның бес қажетсінуінің иерархиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Маслоудың тұжырымдары толығырақ 1954 жылы "Мотивация және кісілік" (Motivation and Personality) атты кітабында қарастырылған.[3] The hierarchy remains a very popular framework in sociology research, management training[4] Маслоу ұсынған адамның бұл қажеттсіну пирамидасы өте қарапайым, бірақ нақты және өзекті.
Осы пирамиданың астындағы екі сатысы - жан бағу және қауіпсіздік адам өмірінің төменгі қажеті, басқасының бәрі осы екеуін алғышарт етеді. Тыныс алу, тамақ жеу, ұйықтау, шабуылға ұшырамау секілділер болмаса, қалғаны болмайды.
Ал, қарны тойып, жаны бағылып, өзін қауіпсіз сезінгендердің ары қарай эмоциялық қажеттіліктері ояна бастайды: қуанғысы, күлгісі, достасқысы, сүйгісі, рахаттанғысы келеді. Бүл үшінші саты.
Сосын адамдар ендігі жерде Қошаметтелгісі келеді. Бұл төртінші деңгей. Қоғамым мені білсе дейді, қоғамдағылар мен туралы жақсы сөздер айтса екен дейді - міне соны аңсайды. Ол адамдардан құрмет, қошамет аңсайды, мақтау дәметеді, дәріптеу күтеді.
Жер шарындағы көп санды адамның өмірге қояр негізгі талабы осы төрт деңгейден көп ұзай қоймайды. Олар үшін тірі жүрсе болды, ішіп-жеп игіліктенсе болды, қауіпсіз болса болды, күлді-көмеш рахатқа батса болды, ары болғанда айналасындағы адамдар оны мақтап-қошаметтесе болды, одан ары жоғарғыға басын қатырмайды.
Дегенмен адамдардан озып шығатын адамдар бар, олар жан бағу мен қауіпсіздікті, көңіл қуанышы мен қошаметті негізгі мақсат көрмейді, жай ғана қажетті шарт көреді. Олар төменнен қол үзбейді, бірақ оны одан да жоғары деңгейге талпынудың сатысы етеді.
Бұл ең жоғары деңгей Өзін актуализациялау. Олар өздерінің потенциялын түгел оятады, ол жай ғана құрмет-қошамет күту емес, қайта түбегейлі актуалды адам болу, шынымен маңызды, қажетті, кем болса болмайтын адам болу, өмірде өзін нағыз адам етіп қайта жарату, жоғары қабілеті арқылы ең жоғары деңгейдегі іс тындырған толық адам болу.
Әрине, көп адам үшін бұлай болу ертегі құсап көрінеді. Бірақ сондай деңгейге жеткен адамдар әлемде бар.
Қажетсіну пирамидасының басқа нұсқалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алғашқы нұсқасы:
- Физиологиялық: аштық, шөл, жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б.
- Қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.
- Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу.
- Абыройлық: өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу.
- Рухани: тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану.
Одан толығырақ санатталған иерархия да бар. Жүйеде жеті деңгейлі (приоритеттер) қажеттілік бар:
- Физиологиялық (ең төменгі)
- Қауіпсіздік
- Иелеу/Махаббат
- Құрмет
- Білім алу
- Эстетикалық
- Өзінің маңызын түсіну
Әр деңгей іске асқанда, келесі деңгей маңызға ие болады. Бірақ бұл алдыңғы қажеттілік маңызын жоғалтты дегенді білдірмейді. Сонымен қатар әр деңгей тұрақты приоритеті, орны болмайды пирамидаға сәйкес, яғни әр адамға әр қандай қажеттілік маңыздылығы әр түрлі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Maslow, Abraham. Oxford US English dictionary. Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 қаңтар 2014. Тексерілді, 14 қаңтар 2014.
- ↑ Maslow, A.H. (1943). A theory of human motivation. Psychological Review, 50(4), 370–96. Retrieved from http://psychclassics.yorku.ca/Maslow/motivation.htm
- ↑ Maslow A Motivation and personality — New York, NY: Harper, 1954. — ISBN 978-0-06-041987-5.
- ↑ Kremer, William Kremer. Abraham Maslow and the pyramid that beguiled business (31 August 2013). Тексерілді 1 қыркүйектің 2013.
- ↑ Maslow's Hierarchy of Needs