Магеллан бұлттары
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Магеллан бұлттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Магеллан бұлттары (Үлкен және Кіші) — құрамына Күн кіретін біздің жұлдыздық жүйеге (Галактикаға) ең жақын орналасқан, белгілі бір айқындалған пішіні жоқ, екі жұлдыздық жүйе. Тұмандық дақтар түрінде жұлдызды аспанның Оңтүстік жарты шарынан жай көзбен көруге болады. Жердің солтүстік жарты шарының орталық ендіктерінен байқалмайды. Олардың ашылуы Жер шарын айналып шығу экспедициясына қатынасушылардың бірі Ф.Магелланның құрметіне Магеллан бұлттары аталған. Үлкен Магеллан бұлттары Алтын Балық шоқжұлдызында, Кіші Магеллан бұлттары Тукан шоқжұлдызында орналасқан. Екі бұлттың Күннен ара қашықтығы ондағы цефеид типіндегі көптеген айнымалы жұлдыздарды бақылау нәтижесінде анықталған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |