Ләтіп ата
Ләтіп ата – 10–11 ғасырларда өмір сүрген діни қайраткер. Халық Баба Машуарат – «атақты ата» атап кеткен Ләтіп атаның шын есімі – Маулана Мутарулла Сайрами. Сайрам қаласында дүниеге келген энциклопедист ғалым, ишан Хазірет Байзауидің шәкірті болған. Тафсир (тәпсір), фақх, тариқаттарды жетік біліп, таухит, фикһ, ақаид (акида), риторика және астрономия бойынша дәріс берген. Ғұмырының 39 жылын ғылымға арнаған. Сұлтан Мәлік елдің дінбасы ретінде оны қатты құрметтеді. Тарихи әңгімелерде Ләтіп ата қартайған шағында ел патшасын дін жолына тартып, Аллаға құлшылыққа, тақуалық жолға түсуіне ықпал еткендігі айтылады. Ләтіп ата бейіті Сайрам қаласындағы орталық мешіттің солтүстік жағында.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |