Ләйля Ғалиқызы Ғалымжанова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ләйля Ғалиқызы Ғалымжанова
Ләйля Ғалиқызы Ғалымжанова

Ләйля Ғалымжанова отбасымен бірге. Түсірілген уақыты белгісіз
Ту
Ту
9-ші Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы
Ту
Ту
22 ақпан 1964 жыл — 24 сәуір 1968 жыл
Өмірбаяны
Партиясы КОКП (1960—1990)
Білімі Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институты
Мамандығы актриса
Дүниеге келуі 22 қаңтар 1924 (1924-01-22)
Петропавл, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО
Қайтыс болуы 9 қазан 2017 (2017-10-09) (93 жас)
Алматы, Қазақстан
Әкесі Ғалымжанов Ғ.Ғ.
Жұбайы Қарауылов Зия
Балалары Ұлы - Қарауылов Әділ (1949 жылы туған); қызы - Қарауылова Рабиға (1952 жылы туған)

Ләйля Ғалиқызы Ғалымжанова (22 қаңтарда 1924 жылы Қазақ АКСР Петропавл қаласында9 қазанда 2017 жылы Қазақстан Алматы) — театр және кино актері, қоғам қайраткері.

«Жоғары лауазым» (1958), «Кешкілік шеткері аймақ» (1961) көркем фильмдері сценарийлерінің; 10-ға жуық әңгіменің; 15 мақаланың авторы.

Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының актерлік факультетін бітірген (1947).

  • 1946 жылдан - Алматы қаласының ЖКТ актері; Алматы киноактерлер мектебінің дәріскері, Республикалық Халық шығармашылығы үйінің аға әдістемешісі, көркем жетекшісі.
  • 1954 жылдан - Алматы қалалық мәдениет бөлімінің инспекторы, Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясындағы сценарий белімінің аға редакторы
  • 1958 жылдан - Алматы телевизия студиясының бас режиссері.
  • 1959 жылдан - ҚазКСР мәдениет министрінің орынбасары.
  • 1961 жылдан - ҚазКСР мәдениет министрі.
  • 1967 жылдан - ҚазКСР Министрлер кеңесі мәдениет белімінің меңгерушісі.
  • 1975 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі Кинематография комитеті төрағасының орынбасары.
  • 1977 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі ҚазКСР Мемлекеттік кинематография комитетінің төрайымы.
  • 1981 жылдан - зейнеткерлік демалыста.

Марапаттары мен атақтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • ҚазКСР Жоғарғы Кеңес депутаты (1964-1968).
  • ҚазКСР Кинематографистер одағының мүшесі (1956 жылдан).
  • «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен; медальдармен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 5 құрмет грамотасымен

марапатталған.

  • КОКП мүшесі (1960-1990).

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хоббиі - кітап оқу.

Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия, проза, драматургия.

Орыс және ағылшын тілдерін біледі.

Әкесі - Ғалымжанов Ғ.Ғ., заңгер болған, 1938 жылы атылып кеткен.

Жесір. Жұбайы - Қарауылов Зия, марқұм. Ұлы - Қарауылов Әділ (1949 жылы туған); қызы - Қарауылова Рабиға (1952 жылы туған).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2