Мазмұнға өту

Коэффициент

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Коэффициент(лат. co – бірге, бірлесіп және effіcіens – жасап шығаратын) – әріптік өрнектегі сандық көбейткіш, белгісіздің кез келген дәрежесіндегі белгілі көбейткіші немесе айнымалы шаманың тұрақты көбейткіші. бірмүшелігіндегі Коэффициент–3/4; х2+2рх+q=0 теңдеуіндегі х2-тің коэффициенті 1, ал х-тің Коэффициенті 2р-ға тең; l=2r формуласындағы коэффициент 2-ге тең болады. у=kx+b түзу сызық теңдеуіндегі Коэффициент саны бұрыштық Коэффициент деп аталады. Ол түзудің Ох осіне еңкею бұрышының тангенсін көрсетеді. Физика заңдарды өрнектейтін формулаларда Коэффициенттің айрықша аттары болады, мысалы, үйкеліс Коэффициенті, көлемдік ұлғаю Коэффициенті, т.б.

Өзара индукция коэффициенті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бір контурдағы ток күші өзгерген кездегі байланысқан контурдың екіншісіндегі индукция электр қозғаушы күшін анықтайтын коэффициент.

Ішкі үйкеліс коэффициенті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сұйықтың немесе газдың түйіскен қабаттарының бірлік ауданына әсер ететін ішкі үйкеліс күші мен осы қабаттар қозғалысының жылдамдық градиенті арасындағы пропорционалдық коэффициент.

Сызықтық ұлғаю коэффициенті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Денені қыздырған кездегі дененің өлшемдерінің біреуінің өзгерісінің осы өлшемнің бастапқы шамасына және температураның өзгеру аралығына қатынасы.

Модуляция коэффициенті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Модулдаушы белгі амплитудасының амплитудалық модуляция кезіндегі модульданушы тербелістер амплитудасына қатынасы.

Температура өткізгіштік коэффициенті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жылу өткізгіштік коэффициенті мен зат тығыздығы көбейтіндісінің, оның меншікті изобаралық жылу сыйымдылығына қатынасына тең, стационар емес жылу процестеріндегі зат температурасының өзгеру жылдамдығының сипаттамасы.

Жылу өткізгіштік коэффициенті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жылу ағынының тығыздығы және заттағы оны тудыратын температура градиенті арасындағы пропорционалдық коэффициент.

Тыныштық үйкелісінің коэффициенті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тыныштық үйкелісі күшінің, бір денені екіншісіне қысатын жүктемені түсірген кезде пайда болатын және олардың тиісу бетіне перпендикуляр бағытталған реакция күшіне қатынасы.

Жарықтылық коэффициенті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қандай да бір нүктедегі және берілген бағыттағы дене, жартылығының, жарықтылығы барлық бағытта бірдей, ал шағылысу коэффициенті 100%-ке тең сондай жағдайда жарықталынатын шашыратқыштың жарықтылығына қатынасы.[1]

Пайдаланған әдебиет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0

Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том