Кинооператор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кинооператор түсіру кезінде

Кинооператор — кинематографтағы мамандық. Қозғалыстағы суретті бейнетаспаға жазатын, кинотүсіру аппараттын басқаруымен айналысатын адам[1]. Оператор өз жұмысында операторлық өнердің көркемдік бейнелеу құралдарын, кинематографтық техниканың мүмкіндіктерін кеңінен қолданады және фильмнің сценарийі мен түпкі шығармалық мақсатын басшылыққа алады. Сондай-ақ, арнайы әсерлер (спецэффект) құруына тікелей қатысады. Оператор кинофильм кадрлерін түсіруді тікелей жүзеге асырады және режиссер, суретші және актерлермен бірлескен ұжымдық жұмыс нәтижесінде кино туындысының операторлық өнерге тән өзіндік көркемдік шешімін табады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Түсіру тобы  (орыс.). Kodak. Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 маусым 2012. Тексерілді, 3 маусым 2012.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]